Терминология мәселелері бойынша республикалық конференция өтеді
2017 жылғы 23 қарашада Астана қаласы, Достық көшесіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының Конституция залында сағат 10.00 де «Ұлттық терминқорды жүйелеудің теориялық және ғылыми –тәжірибелік негіздері» республикалық ғылыми- теориялық конференциясы болады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар комитетінің тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру –әдістемелік орталығы 2017 жылғы 23 қарашада Астана қаласында «Ұлттық терминқорды жүйелеудің теориялық және ғылыми –тәжірибелік негіздері» тақырыбында республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.
Конференцияда қазіргі терминжасам, терминқорды жүйелеудің мәселелері, Алаш қозғалысы зиялыларының қазақ терминжасам қағидаларын қалыптастырудағы орны, терминдерді реттеу, бірізділеу мен стандарттаудың маңызды теориялық және ғылыми –практикалық мәселелері қозғалады.
Аталған конференцияға Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық мемлекеттік терминологиялық комиссия мүшелері, ҚР Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты қызметкерлері, терминолог-ғалымдар, докторанттар мен магистрлар, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ қатысады.
Abai.kz