Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2106 0 пікір 8 Маусым, 2009 сағат 13:31

Назарбаев бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша экономикалық өсім қарқынының төмендеуіне жол бермеуге болады деген сенімде (толықтырумен)

Астана. 8 маусым. ҚазТАГ – Данияр Темірбаев. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша экономикалық өсім қарқынының төмендеуіне жол бермеу үкіметтің қолынан келеді дегенге сенім білдірді.

«Осының арқасында (дағдарысқа қарсы шаралардың – ҚазТАГ) айдан айға қарқын нашарлап жатқан жоқ, керісінше жақсарып келеді. Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша экономиканы жолға қойып, еліміз экономикасының өсім қарқынының төмендеуіне жол бермеу мүмкіндігі бар», - деп мәлім етті ол дүйсенбі күні үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы есебін тыңдағанда.

Н. Назарбаев «үкімет дағдарысқа қарсы бағдарламаны орындай отырып, үлкен жұмыс атқарып жатыр, күш салып, белсенді еңбек етуде» деп атап көрсетті.

«Осының арқасында мемлекет бөлген қаржы негізінен арналған мақсаттарға жетті», - деп мәлім етті ол.

«Істелген жұмыс аз емес. Жалпы алғанда қаржы секторы тұрақтады. Біз осының барлығын білеміз. Шағын және орта бизнес өзіне бөлінген 120 млрд теңге қаржыны алды. Еліміздің барлық аймақтарында құрылыс қайта жанданды, үлескерлер пәтерлерін ала бастады», - деп толықтырды  өз сөзін президент.

Ол «мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттерін орындап отыранын, зейнетақы төлемдері, жалақы уақытында беріліп жатқанына назар аударды: бұл - бүгінгі дағдарыс жағдайында қол жеткзілген үлкен жетістік» екенін жеткізді.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы «кемшіліктер мен пысықталмаған жағдайлар бар екенін атап көрсетті: бөлінген қаржыны игеру, осы қаржының пайдалануын бақылау бойынша жұмыс баяу жүргізіліп жатыр», - деді.

«Бүгін біз осы жағдайды талқылаймыз», - деді Н. Назарбаев.

Өз кезегінде премьер-министр Кәрім Мәсімов Қазақстан үшін «дағдарыстың өткір кезеңі» өтіп кеткенін, наурыз айынан бастап қазақстандық экономикада оң үрдістер байқалып отырғанын атап көрсетті.

«Қаржы дағдарысы жалғасып жатқанына қарамастан, 6-8 айда Қазақстан экономикасы барлық қиындықтарды еңсеріп, 2010 жылға жаңа күш-қуатпен кіру үшін барлық алғышарттар бар», - деді К.Мәсімов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта «қаржы жүйесі тұрақты жұмыс істеп жатыр. «Егер ішкі және сыртқы сарапшылардың Қазақстанда қаржы жүйесі құлдырап, адамдар банктердегі депозиттерін қайтарып алатыны туралы болжамдарын еске салатын болсақ, қолға алынған шаралардың арқасында ондай болған жоқ», - деді үкімет басшысы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504