Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2106 0 пікір 8 Маусым, 2009 сағат 13:33

Туризм министрлігінің басшысы мемлекеттің беделі үшін «Астана» велокомандасын қаржыландыру қажет деп есептейді

Астана. 8 маусым. ҚазТАГ – Әсел Мұқанова. ҚР туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов мемлекеттің беделі үшін «Астана» велокомандасын қаржыландыру қажет деп есептейді.

«Астана» командасы туралы айтатын болсақ, бұл  - өте маңызды мәселе. Күрделі жағдай қалыптасты (қаржыландыру бойынша – ҚазТАГ)…Алайда команданы қамтамасыз ету керек деп ойлаймын, өйткені бұл – біздің еліміздің беделі. Біздің экономикамыз қарқынды дамып келеді және біздің велокоманда Қазақстан үшін үлкен жарнама жасап отыр», - деді министр дүйсенбі күні мәжілістегі үкімет сағатында.

Ол атап көрсеткендей, велокоманданы қамтамасыз ету үшін мемлекет жылына $16-17 млн жұмсайлы.

«Бүгінгі күні команда жақсы нәтиже көрсетіп отыр, олар «Тур де Франс» жарысында жеңіске жете алады…Алайда қазір бұл команданы басқалар сатып алуға дайын. Осыған байланысты мен мемлекет басшысына жағдайды айттым, ол бұл проблеманы (қаржыландыруды – ҚазТАГ) шешіп берді», - деп мәлімдеді ведомство басшысы.

Ол биылғы жылдың 11 шілдесінде Лозаннада біздің команданың иесін ауыстыруға қатысты сот өтетінін жеткізді. Алайда министр қаржыландыру мәселесі шешімін тапқандықтан, ол Қазақстанның пайдасына шешіледі деп үміттенеді.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2103
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4973
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4200