Қазақстан мен Англия құрамаларының арасындағы матч барысында футбол алаңына жүгіріп шыққан қазақстандық жанкүйер 3819 теңге айыппұл төлейді
Алматы. 8 маусым. ҚазТАГ – Дилярам Аркин. Алаңға жүгіріп шыққан қазақстандық жанкүйер, мединституттың 2 курс студенті Едіге Рай 3 АЕК (1 АЕК 1273 - теңге) көлемінде айыппұл төлеу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.
Жанкүйердің бұзақылық әрекеті Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Б. Күзембайдың төрағалығымен қаралды.
Сотта жанкүйер өзінің кінәсін толық мойындады.
Е. Райдың туған ағасы Ержан Безімбаевтың айтуынша, қазақстандық жанкүйер алкогольге немесе есірткіге мас емес, сау күйінде болған. Оның айтуынша, бұзақылық әрекеті үшін Е. Рай оқудан шығарылмайды.
Еске сала кетейік, Англия мен Қазақстан құрамаларының арасындағы футбол мачтының 86-шы минутында күтпеген жерден футбол алаңына қазақстандық жанкүйер жүгіріп шыққан. Фанат полицейлер мен күзетшілердің қоршауын бұзып өтіп, Англия құрамасының қақпашысына қарай бет алған. Алайда тәртіп сақшылары бұзақы студентті уақытында тоқтата алды.