Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2126 0 пікір 9 Маусым, 2009 сағат 05:25

Айдос Сарым. Ерсің, Едіге! Ешсің, құрама!

 

 

 

 

Кеше ғана порталда жарық көрген Ержан Байтілестің «Намыссыздық» атты намыстан шабыс тілеген мақаласы жарық көрді. Мақалада  Қазақстан мен Англия футбол құрамаларының сайысы кезінде орын алған оқиғалар туралы айтылған  болатын.
Естеріңізге сала кетейік, ойынның сексенінші минуттарында жас қазақ жанкүйері полиция шебін бұзып, екі тосқауылдан секіріп, алаңның жартысын қиып, Англия құрамасының қақпасына күмп еткен болатын. Полиция қызметкерлері әлгі жанкүйерді ағылшын қақпасынан әрең сүйреп шығып, алаңның сыртына алып кетті. Намысқой футбол фанатына сол кезде бүкіл стадион ду қол шапалақтап, полицейлерге «Жіберіңдер! Ұрмаңдар! Тиіспеңдер!» деп айқайлап жатты...
Сол жанкүйердің аты-жөні белгілі болды. Ол – Алматыдағы медициналық университеттің екінші курс студенті Едіге Рай екен.
Кеше ғана Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында судья Б.Күзембай Едігені «бұзақы» деп танып, оны 3 айлық есеп көрсеткіш (1 АЕК 1273 - теңге) көлемінде айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жазаға тартты. Сотта Едіге өз қадамын «қазақ футболистеріне Англия құрамасының қақпасының қай жақта екенін көрсеткім келді» деп түсіндірді. Жанкүйер өзінің кінәсін толық мойындады.
Е. Райдың туған ағасы Ержан Безімбаевтың айтуынша, қазақстандық жанкүйер алкогольге немесе есірткіге үйір емес екен. Оның айтуынша, осы әрекеті үшін Е. Рай оқудан шығарылмайды.
Сот не десе о десін, біздің ойымызша, қазақ құрамасының намысын қоздыру үшін осындай да қадамдар керек. Намыс жоқ жерде жеңіс те болмайды! 
Тоқсан минут бойы жүгіруге жарамайтын Қазақстан футбол құрамасы (қарқынды, парасатты ойын  өрнегін көрсету туралы ауыз ашпағанның өзінде) хақында айта-айта Жамал апай да, жанкүйер жамағат та қартаятын болды. Бүгінгілерден, шынын айтсақ, үміт те, қайыр да жоқ сияқты. Едігенің кешегі тентектігі жаңадан өсіп келе жатқан намысы наркескендей жас қазақ футболшыларының бар екенін танытты. 
Ал әзірге, Ержан айтпақшы, есеп 1:4! Ертеңдері қазақтың қасқыр мінезді құрамасы осы есепті Англия сияқты арыстан командаларға еселеп қайтарар күнде тауады әлі!

 

 

«Абай-информ»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5511