Сейсенбі, 23 Шілде 2024
Жаңалықтар 7396 0 пікір 25 Желтоқсан, 2010 сағат 08:13

Қобыланды батырды кім қалай түсірер еді?

Әйгілі «Қобыланды батыр» жырын көркем фильм етіп түсіруге біздің режиссерлер тәуекел ете қалса, қандай болып шығар еді?  Бұл сұраққа киногерлеріміздің кино әлемінде байқалған  «қолтаңбасын» бағамдай отырып жауап беруге тырысайық. Мысалы:

 

 

 

 

 

Асанәлі Әшімов: «Сіз кімсіз, «Қо» мырза?»

Қысқаша мазмұны:

Тоқтарбай мен Аналықтың зарығып көрген перзенті Қобыланды батыр ГПУ-дің тыңшысы болып, қылшылдаған қыршын шағында Қытайға кетеді де, мәлкілдеген шал кезінде Гонконгтің героин мафиясын әшкерелеп, жарын күте-күте зарығып, бастығына байға шыққан Құртқасына құрттап-биттеп оралар еді...

 

 

 

 

 

 

 

 

Сатыбалды Нарымбетов: «Қобыланды Тоқай»

Қысқаша мазмұны:

Тоқтарбайдың, то есть, Тоқайдың жалғыз ұлы Қобыланды Тоқай Тайбурылдай тұлпарына мініп, туысқандарына өкпелеп, эмиграцияға кетіп қалады. Эмиграцияда «қызылбастарға» қарсы журнал шығарып, «қызылбастың қызын» алып, қызығына тоймай, өле-өлгенше сол сүйген сұлуының жылуына бас ұрып өтер еді...

 

Әйгілі «Қобыланды батыр» жырын көркем фильм етіп түсіруге біздің режиссерлер тәуекел ете қалса, қандай болып шығар еді?  Бұл сұраққа киногерлеріміздің кино әлемінде байқалған  «қолтаңбасын» бағамдай отырып жауап беруге тырысайық. Мысалы:

 

 

 

 

 

Асанәлі Әшімов: «Сіз кімсіз, «Қо» мырза?»

Қысқаша мазмұны:

Тоқтарбай мен Аналықтың зарығып көрген перзенті Қобыланды батыр ГПУ-дің тыңшысы болып, қылшылдаған қыршын шағында Қытайға кетеді де, мәлкілдеген шал кезінде Гонконгтің героин мафиясын әшкерелеп, жарын күте-күте зарығып, бастығына байға шыққан Құртқасына құрттап-биттеп оралар еді...

 

 

 

 

 

 

 

 

Сатыбалды Нарымбетов: «Қобыланды Тоқай»

Қысқаша мазмұны:

Тоқтарбайдың, то есть, Тоқайдың жалғыз ұлы Қобыланды Тоқай Тайбурылдай тұлпарына мініп, туысқандарына өкпелеп, эмиграцияға кетіп қалады. Эмиграцияда «қызылбастарға» қарсы журнал шығарып, «қызылбастың қызын» алып, қызығына тоймай, өле-өлгенше сол сүйген сұлуының жылуына бас ұрып өтер еді...

 

 

 

 

 

 

 

Ермек Тұрсынов: «Қатын»

Қысқаша мазмұны: Еш кейіпкері ернінін қимылдатпайтын бұл кинода бас батырымыз ешкі бағып... Құртқамыз құрт қайнатып жүре берер еді...

 

 

 

 

 

 

 

Болат Қалымбетов: «Сардар»

Қысқаша мазмұны: Бұл кинода Қобыланды өзінің досы Қараман екеуі Құртқа қызға ғашық болып, ақыры екеуінің бірі ақылынан алжасып, су жағалап кетер еді... Бірақ түбі махаббат пен қазақ жеңіп, хэппи-эндпен аяқталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Серік Апрымов: «Ақсауыт»

Қысқаша мазмұны: Фильм «Ақсауыт» аталғанымен оқиғаның бәрі Ақсуатта өрбитіні анық. Қаладан қаңғып, ауылға келген біздің «Қобыланды батыр»  қотыр-қотыр тамдардың көлеңкесінде жергілікті маскүнем сыныптастарымен бірге арақ ішіп, милиция қызметкерімен атысып, қор болып жүрген Құртқаны енесімен бірге жүк мәшинесіне басып алып, келген жағына тайып тұрар еді...

 

 

 

 

 

 

Талғат Теменов: «Қызық құс»

Қысқаша мазмұны: Жауларынан тепкі көрген «қызық құс», яғни, Қобыланды батыр қашып барып бір «қызылбас» кемпірінің етегін паналап, жанын сауғалайды. Бірақ баябан даласынан байыз таппай ұшқан «қызық құсты» «қызылбастар» кемпірдің етегінің астынан суырып алып, абақтыға айдап жібереді. Трагедия...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рүстем Әбдіраш: «Тұрсын ханға хат»

Қысқаша мазмұны: Бұл кинода Қобыланды батыр бірде-бір рет көрінбеуі мүмкін. Батырдың әкесі - байғұс теміржолшы Тоқтарбай бір «қызылбастың» баласын арқалап алып қызылбас елінің ханы  «Тұрсын ханға» үшбу хатын жеткізе алмай зарығып жүре береді, жүре береді. Сол зарыққан қалпында тарығып өмірден өтеді...

 

 

 

 

 

 

 

Темір Бекмағамбетов: « Қансорғыш қуған Қобыланды»

Қысқаша мазмұны: Фильмде қансорғыштардың қанын ішетін Қобыланды батыр (рөлін сомдаған Константин Хабенский) «қызылбастардың» астанасындағы жын-шайтандармен арпалысады. Аса керемет мазмұны жоқ, алайда «спецэффектіні» өлтіреді...

 

 

 

 

 

 

 

Сергей Бодров пен Гука Омарова: «Қызылбас»

Қысқаша мазмұны: Қан майданда қайрат танытудың орнына торғай сияқты топ етіп торға түсе беретін Қобыландыдай батырынан күдер үзген Құртқа сұлу алдымен жеңіл жүрісті әйелге айналып, соңында көп балалы, иә,  «алтын алқалы» ана кейіпіне еніп тынар ед...

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәбит Кұрманбеков: «Ашыққан махаббат»

Қысқаша мазмұны: Құртқа кемпірін жерлеп, жалғыз сиырын сауып жүрген Қобыланды шалдың құрдастарының бірі Гера (рөлді сомдаған Жерар Депардье) оны төсек жаңартуға үгіттеп бағады. «Ашыққан махаббат» иесі Қобыланды досының айтқанына көніп, ақырында қаладан қатқанский қатын алып тынады...

 

 

 

 

 

 

 

 

Еркін Рақышев: «Қобыланды-Борат»

Қысқаша мазмұны: Көрген жанның көз жасын көлдететін аянышты кейіпкер Қобыланды өзінің батыр екені есіне түсіп, қызылбастың ішіндегі ата жауы «Боратты» іздеп жолға шығады. Фильм, бірақ, аяқталған жоқ. Өйткені, фильмге идея беруші Дарвинмен «дарын» таластырып жүрген  Бекболат Тілеуханның ойында не барын біле алмай отырмыз...

 

 

 

 

 

 

 

 

Данияр Саламат: «Жайтерек»

Қысқаша мазмұны: Бұл фильмде Қобыланды айдалада өскен бір дарақ ағаш - «Жайтеректі» іздеп жанынан кешеді. Жылайды. Аяғында «Жайтеректі» тауып жай табады...

 

P.S. Бұл әрине, Жаңа жыл қарсаңындағы біздің әзіліміз. Жаңа жыл деген әр адамның көңіліндегі үмітті оятып, қиялы мен арманына қанат байлайды емес пе? Сіздер де бүгінгі қазақ режиссерлері түсіріп жүрген қазақ киносы туралы «қиялданып» көріңіздер. Сосын, жазыңыздар...

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Абай мұрасы

Абай іліміндегі өмір мақсаты не?

Досым Омаров 1391
Ой түрткі

Әлмерек абыздың оралуы - Елге діннің оралуы

Бақтыбай Айнабеков 2184
Көршінің көлеңкесі

Ресей тілдік һәм саяси экспансияны қалай жүргізді?

Бейсенғазы Ұлықбек 2206