Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3531 0 пікір 25 Желтоқсан, 2010 сағат 07:48

Жәди Шәкенұлы. Жаңашыл жастарға жаңа ағым жайында айтар

Әдебиет - әдебиет болғалы көне мен жаңаның тайталасын бастан кешіріп келеді. Қазақ әдебиетінің бүгінгі күнінен қарағанда да классикалық ұлттық үлгі және жаңа ағым әдебиеті (модернизм) арасында дау ұшығы жүз беріп жүр. Табиғат және заман ауқымы мен ғасырлар қатпарының шындығына жүгінсек, көненің орнын жаңа басу, қарттың орнын жас басу уақыт қажеттілігі. Бірақ, бүгінгі біздер жаңашылдықты жанымыз сүйіп «жаңа ағым, жаңа ағым» деп жар салсақ та көп жағдайда сол «жаңа ағымның» не екенін біле бермейтін сияқтымыз.

Осы сөзге дәлел іздер болсақ қазақтың әдебиеті мен ұлттық рухына өзімізден де жақсы үңіліп жүрген (ұлты неміс) жазушы ағамыз Герольд Бельгер жақындағы радио сұхбатында:  «Модернизм­­ді айтып жүргендер соның не екенін өздері де білмейді»  деп кесіп айтады.

Демек, біз әдебиеттің өзіміз білетін барлық ен-таңбасын қайырып тастап, ешкімнің ізі түспеген соны соқпақ іздесек, оны қалай жасаймыз? Міне бұл баршамыздың мойнымыздағы ауыр сауал.

Баяғыда ақын Қасым Аманжолов ағамыз айналасындағы­лардың өлеңін сынап, бәрінен мін тауып болмағанда топ ішінен біреу: «Қасеке, ендеше сондай жақсы өлеңді өзіңіз жазып көрсетпейсіз бе?!» десе керек. Сонда дана Қасым қос иығын қомдай көтеріліп:  «Әрине, бәріміздің мақсатымыз сондай жақсы өлеңді жазу!» деген екен.

Әдебиет - әдебиет болғалы көне мен жаңаның тайталасын бастан кешіріп келеді. Қазақ әдебиетінің бүгінгі күнінен қарағанда да классикалық ұлттық үлгі және жаңа ағым әдебиеті (модернизм) арасында дау ұшығы жүз беріп жүр. Табиғат және заман ауқымы мен ғасырлар қатпарының шындығына жүгінсек, көненің орнын жаңа басу, қарттың орнын жас басу уақыт қажеттілігі. Бірақ, бүгінгі біздер жаңашылдықты жанымыз сүйіп «жаңа ағым, жаңа ағым» деп жар салсақ та көп жағдайда сол «жаңа ағымның» не екенін біле бермейтін сияқтымыз.

Осы сөзге дәлел іздер болсақ қазақтың әдебиеті мен ұлттық рухына өзімізден де жақсы үңіліп жүрген (ұлты неміс) жазушы ағамыз Герольд Бельгер жақындағы радио сұхбатында:  «Модернизм­­ді айтып жүргендер соның не екенін өздері де білмейді»  деп кесіп айтады.

Демек, біз әдебиеттің өзіміз білетін барлық ен-таңбасын қайырып тастап, ешкімнің ізі түспеген соны соқпақ іздесек, оны қалай жасаймыз? Міне бұл баршамыздың мойнымыздағы ауыр сауал.

Баяғыда ақын Қасым Аманжолов ағамыз айналасындағы­лардың өлеңін сынап, бәрінен мін тауып болмағанда топ ішінен біреу: «Қасеке, ендеше сондай жақсы өлеңді өзіңіз жазып көрсетпейсіз бе?!» десе керек. Сонда дана Қасым қос иығын қомдай көтеріліп:  «Әрине, бәріміздің мақсатымыз сондай жақсы өлеңді жазу!» деген екен.

Манағы Бельгер ағамыз бастаған белгілі топтың ортақ пікіріне ойыссақ - өзінің ұлттық үлгідегі,  классикалық әдебиетін дамыған түрде басқаша бейнемен жеткізу немесе бейнелеу өнері жағындағы өзгеше жолды ғана жаңа ағым деп қарайды. Мұқағалидың: «Күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын» - дегеніндей халық әдебиетінің уызына қана отырып айтар ой, жеткізілер оқиғаны таптаурынсыз тамаша тәсілмен бейнелеу немесе оқиғаны құрғақ баяндаудан көрі адамның жан әлемінен, жүрек лүпілінен қиял дүниесінен сурет жасап, ойлануға жетелеу деген сөз.

Жаңа ағымды әдебиет беттерінен іздеген  жаттанды «Айқайға» мойын бұрсақ, модернизм (Modernism) әдебиеті ХҮІІІІ ғасырдың орта шенінен бүгінге дейін жеткен негізінен батыс елдерінде барлыққа келген зор топтағы әдеби ағымдардың жалпылық атауы екенін білеміз. Ол - романтизм, реализм секілді байырғы әдебиеттік үлгілерге қарсы немесе оның басқаша бейнелену әдісімен  кемелденген түрі негізінде қалыптасқан. Жалпы модернизм атауы әдебиет қана емес өнердегі ән, би, музыка, сурет, кино секілді көптеген түрлерді өз ішін алады.

Модернизм атауының алғашқы ауызға алынуына келсек, әлемдік ірі сөздіктерде түсіндірілуінше ең алғаш 1737 жылы пайда болған екен. Англиялық әйгілі жазушы Жонатан Суайфт (1667-1745) 1937 жылы 23 шілде күні жазушы Александр Попқа (1688-1744) жазған хатында былай деген: «Шолақ-шолтыраң ақындар бізге қайдағы-жайдағы өлеңдерін алып келеді, ол нәрселер адамды жиіркендіретін қысқарған сөздер мен ғажайып модернизмге толы. Ағылшын тілін дәл сондай шолақ-шолтыраңдар бұзады». Шын мәнінде бұл атаудың пайда болуына ғана қаратылған ұғым.

Модернизм әдбиетінің басталу кезеңі жайында зерттеушілердің пікірі бір арнаға құйылмайды. Америкалық ақын Изра Понд сияқтылар орта ғасырдан кейінгі бес-алты жүз жылдық әдебиеттің барлығын модернизм деп атауға болады деп қарайды. Америкалық әдебиет зерттеуші Идмунд Уылсын (1895-1972) 1870 жылды модернизмнің басталу кезеңі деп есептейді. Англиялық әдебиет зерттеуші Срыл Кантолы (1903-1974) 1880 жылды модернизмнің бастау алған шағы деп қарайды. Ал даниялық әйгілі әдебиет сыншысы Бранкс (Brankis) 1890 жылды модернизмнің бастау алған мерзімі санайды. Соңғы пікірді қуаттаушылар біршама көп.

Шын мәнінде модернизм әдебиетінің нақты ахуалын тілге тиек ететін болсақ франциялық суреткер ақын Чарлс Воттлердің  алғашқы кітаптары жарық көрген 1857 жылдарды айтар едік. Қалай болған күнде де Чарлс Воттлердің салған жолы ғасырға жалғасып, өміршеңдігін көрсетті. Модернизм әдебиеті символизмді өзек етіп өрісін кеңейтті. Бірінші басқыш ХҮІІІІ ғасырдың 60-90 жылдарында өркен жайса, екінші басқыш ХХ ғасырдың басынан 20 жылдарына дейінгі мерзімді қамтиды. Үшінші басқыш Екінші дүниежүзілік соғыстан тартып күні бүгінге дейін жалғасып отыр. Бұл модернизм әдебиетінің жалпылық гүлденген кезеңі есептеледі. Колумбиялық Гарсия Маркес  секілді әйгілі тұлғалардың дүниеге келуі осы мезгілдің жемісі.

Бұл кездегі модернизм ағымы жаңаша түрленіп, постмодернизм (postmodernism) деп аталған. Қарапайым сөзбен айтар болсақ постмодернизм әдебиеті модернизм әдебиетінің дәстүрлі әдебиетпен отаспайтын тәсілдеріне мұрагерлік ете отырып, оны ең жоғары өреге көтеріп қана қалмай, арғы қарай дамыған түрде, модернизм әдебиетінің түрліше тәсілінен де өзгеше, өзіне ғана тән бейнелеу әдістерін қалыптастырған. Сондықтан бұл мезгілге келгенде модернизм әдебиетінің өзі ежелгі ескі дәстүрге айнала бастағаны көрінеді.

Ағылшын тіліндегі «post» сөзінің уақыт жаңалығына емес, сапаға қаратылғанын ескерсек постмодернизм деген атауды ортаға қоюшы оны жаңа әдеби қозғалыс ретінде пайдаланған. Постмодернизм әсілінде модернизм әдебиетінің нәзіктігі мен сырға толы жұмбақтығын түзетіп, жай оқырмандар жеңіл қабылдайтын жаңа әдісті жаратуды мақсат етсе де іс мұның керісінше болған. Англиялық сыншы Давид Лож: «Модернизм әдебиет - көркемөнері бейнелеу жағында жаңалыққа бой ұрамын деп қанша күрделесіп кетсе де бірақ оқырмандардың шығарманың маңызы мен мақсатын түсіну мүмкіндігі бар еді...  Постмодернизмдік шығармаларды оқығанда оқырмандардың қиыншылығы әрқашан олардың түсініксіздігі емес  қайта құбылмалылығында болса керек.  Бұның өзі постмодернизмнің өзіне ғана тән қасиеті» - деген екен. Бұдан біздің байқайтынымыз адамдар санасы күрделесіп, электрон дәуірінің нәзік бөлшектеріне өткен сайын әдеби өзгерістердің барынша күрделене түсетіндігі, тіпті оның көбінің жай оқырмандар ұғымынан алшақ кететіндігі. Бұл арада «Олай болса шығарма кім үшін жазылады, оқырман үшін бе әлде әдебиетші ғалымдар үшін бе?» деген сауал тууы мүмкін. Бұған барынша жақын жауап берсек, әдеби бейнеленуі жағынан әлемдік әдебиеттің озық үлгісіне, мазмұны жақтан халықтың қажетін қандыратын тақырыпқа сайғаны дұрыс дер едік. Дәл қазір атын атамағанмен әлемдік әдебиеттің биігінде мұндай шығармалар аз емес.

«Жаңа проза ағымы» - француз әдебиетінде бастау алып, Наталья Шаруттаның 1938 жылы жазған «Бейімділік», 1949 жылы жариялаған «Бейтаныс адамның бейнесі» шығармалары дәстүрлі прозаның баяндау үлгісіне өзгерістер әкелді.

Шаруттаның 1950 жылы жариялаған «Күмәнқорлар» атты мақалалар жинағы; Роби Гриленің 1953 жылы жариялаған «Өшірткі» повесі, 1955 жылы жариялаған «Астыртын бақылау» әңгімесі, Михел Путордың 1954 жылы жариялаған «Милан сапары», 1956 жылы жариялаған «Айну» шығармалары, Клоди Симонның 1957 жылы жариялаған «Жел», 1958 жылы жариялаған «Шөп», 1960 жылы жариялаған «Фландер жолы» шығармалары «Жаңа проза ағымының» буынын бекіте түсті.

Ал, поэзияда болса Маяковскийдің 1915 жылдан бұрынғы жазған өлеңдері модернизм үлгісіне барынша жақындай түсті.

Жоғарыда аталған шығармаларда көбінесе адамдардың жан дүниесі, ой арпалысы арқылы оқиға өрбіп, баяндаудан көрі оқырманды ой тереңіне тарту көзде ұсталған немесе оқиға, орын, уақыт, адам сынды көне сүрдекті бұзып, мейлінше еркін, «тәртіпсіз» жүйемен жүргендей көрінеді. Осыған орай бұғаздың кәрі жолбарысы Хейменгуейдің «Жазу стиліңіз қалай дамыды?» деген сауалға берген жауабы еске түседі: «Әр жақтағы мүмкіндіктерді ескерсек, заттың шынайлығына бірдеме деу қиын. Менің жазғаным тым жадағай. Осы жадағайлықты басқалар менің әдеби әдісім деп жүр. Барлық ағаттықтар мен келеңсіздіктер оп-оңай көзге шалығады. Міне, олар осындайды стиль дейді». Бұл сауалдың жауабынан біздің білеріміз әдебиет ешқашан математикалық формула емес, ешқандай физикалық құбылыс та емес, ешқандай химиялық қоспаға да ұқсамайды. Ол табиғаттың өзі сияқты шексіз де шетсіз деген ой түйіні. Әрине, шексіз де шетсіз жатқан аспан және жер, ондағы өлшеусіз тау-тас, аң-құс, өзен-көл, құбылыстар, жұмбақ сырлар өзі құраған жаратылыс ортасымен ғана құнды. Ол ешкімнің тізгін-шылбырына көнбейді. Ендеше, әдебиеттің адамдардың жан әлемінен алатын орны да осылай бағынышсыз күйде болмақ.

Қазақ қаламгерлерінің жемістеріне үңілсек, кешегі Абай өзінен бұрын өткен ақын-жыраулардың ізіне түскеннен гөрі жаңа түрмен жазба әдебиетіміздің керегесін кеңге жайды. Бүгінгі қалам иелерінен Мұхтар Мағауин, Асқар Сүлейменов, Оралхан Бөкеев, Мұхтар Шаханов бастаған шоғыр шеңберді бұзып шеп құруға ұмтылды. Бірақ, әлем әдебиеті мен озық ұлттар өркениеті біздің қаламгерлерден өзгеше бөгенай таба ала ма, жоқ па, ол жағы әзірше беймәлім. Осы арада Асқар Сүлейменов туралы бірер ауыз сөз айтқанымыздың артықтығы жоқ. Жалпы жаңа ағым идеясын немесе өзіне ғана тән жаңаша жазу үлгісін көтеруде Асекеңнің тұлғасы тым биік көрінеді. Әсіресе жалаң еліктеушіллікке бой ұратын ұраншыл жастарға «Асқар мектебінің» берері мол. Ол өзге ұлттан қабылдасын, өзі жаңалық ашсын қазақы тілмен, қысқа да нұсқа айшықты өрнекпен сөйлейді. Жорғасынан жаңылмай барар жеріне жетіп жығылуды ойлайды. Жазу үлгісі жағынан «жаңа», тілі жағынан «көне» - міне, біздің үйренеріміз.

Біз жоғарыдағы сөздерімізден әдебиеттегі жаңашыл ағымды аспаннан түскен ғажайып «Изм» ретінде қарауымыздың дұрыс еместігін біле аламыз. Ол біздің әдебиетіміздің тамырынан көктеген, бірақ, жемісі өзгеше басқа будан  сияқты.

Әрқандай ұлт, әрқандай қаламгер өзінің ана тілін, ана тілінің уызы мен марқайған әдебиетін, ұлттық сөз саптау тәсілін қайырып тастап, шырқау биікке бірден көтеріле алмайды. Жаңа ағым деп жар сала бергенімізден көрі ең әуелі тілдің, әдебиеттің не екенін білгеніміз оң. Құрлысшы қанша шебер болғанымен материалсыз дәнеңе өндіре алмайды немесе іргетассыз құрылыс тұрғызбайды. Құрылыс мейлі қандай сәулетпен салынсын, ол адамдарға жылу, ләззат бағыштауы керек. Адамдардың жанына, тәніне жылу бағыштай алмаған үй алтынмен апталып, күміспен қапталып тұрса да суық көрмен тең болмақ. Олай болса әдебиеттегі жазушының орны да аса биік. «Нағыз жазушы баяғының Пайғамбарымен барабар, өйткені ол жай жұрттан әлдеқайда көреген келеді» (А.П.Чехов). Міне, бұл тауып айтылған даналық тағылым. Бай тілдік қоры бар, кеудесі кең сарайдай жандар ғана өз қалағанынша әрекет жасай алады. Олардың әрекеті - әрине, жай әрекет емес, тынымсыз ізденістегі жазушының жан азабы, жан азабының тәтті жемісі.

Бүгінгі әдебиеттің жастардан күтетін талабы да осы. М. Е. Салтыков-Щедрин айтқандай: «Қай жерде болса да әдебиет оның жексұрындық үлгісіне қарап емес, қоғамды ілгерлетуші адал қайраткеріне қарай бағаланады». Біздің әдебиетіміз де сондай адал қайраткерлерге мұқтаж. Адал қайраткерлердің ту ұстаушысы әрине жастар. Манадан бері айтқан жаңа ағымның иесі де солар. Қазақ әдебиетінің әлемдік әдебиеттегі орнын күреп, отын жағу, керегесін қалап, уығын шаншу, оның суығына тоңып, ыстығына күю осы буынның мойнында тұрған ауыр жүк. Барлық нәрсені айту оңай, істеу қиын екенін ескерсек жастарымыздың «Жаңа ағым» (модернизм) деп құрғақ айқайлағанынан көрі соны соқпақтарға із салып, өз биігінен көрінгені оқырманның да, әдебиеттің де күтері болмақ. Өзі асқар жасап, өзі ту көтерсе онда көпшілік соған бағынып, табынып «Әдебиеттің жаға үлгісі» - деп бас шұлғысар еді. Біз іздеп таба алмай жүрген жаңа ағым дегеніміз, әне, сол!

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354