Сенбі, 10 Мамыр 2025
Билік 5004 26 пікір 15 Қаңтар, 2018 сағат 10:58

1992 жыл. Назарбаевтың Бушпен кездесуі қалай өткен еді?

Бүгін Ақорданың баспасөз қызметі  Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылы АҚШ-қа сапарында түсірілген видеоның үзіндісін жариялады.

Бұл сапар 1992 жылы 18-20 мамыр аралығында болған. Ол кезде Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Джордж Бушпен, Мемлекеттік хатшы Джеймс Бейкермен және өзге де министрлер, сенаторлар және кәсіпкерлермен кездескен еді.

Алғашқы сапар аясында Қазақстан мен АҚШ Үкіметі арасындағы өзара түсіністік меморандумына, капитал салуды қолдау мен өзара қорғау туралы келісімге, сауда қатынастары туралы келісімге және басқа да құжаттарға қол қойылған.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трамппен Вашингтонда 2018 жылдың 16 қаңтарында кездеседі. Мемлекет басшысы АҚШ-та 18 қаңтарға дейін болады.

Abai.kz

26 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2032
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3151