Ақтөбе облысында көктайғақ пен тұманға байланысты, ШҚО-да бұрқасынға байланысты автожолдар жабылды
Алматы. 26 желтоқсан. ҚазТАГ - Ауа райының нашарлауы себепті Ақтөбе мен Шығыс Қазақстан облыстарындағы автожолдар қозғалысқа жабылды, деп хабарлайды ТЖМ.
Ведомствоның мәліметтерінше, жауын-шашын мен тұманға байланысты өткен сенбінің 20 сағат 30 минутынан бастап Ақтөбе-Орынбор автожолының 0-102-ші шақырымы мен Ресейдің Орынбор облысындағы шекараға дейінгі учаскелері, Ақтөбе-Орск автожолының 8-135 км учаскесі мен Ресей шекарасына дейінгі учаскесі, Самара-Шымкент автожолының 753-836 км мен Ақтөбеден Хромтау қаласына дейінгі учаскелері автокөліктердің барлық түрлері үшін жабылды.
Сондай-ақ мекеме 24-ші желтоқсанның 12 сағатынан бастап бұрқасын мен көріну қашықтығының жоқтығынан және жолдарда пайда болған қар үйінділеріне байланысты ШҚО-да республикалық Омбы-Майқапшағай-Боран-Қалжыр-Теректі автожолдары, сондай-ақ облыстық мәндегі Өскемен-Тарғын-Тайынты-Самарское, Күршім-Қалжыр, Күршім-Қалжыр-Ақбұлақ-Ашалы, Күршім-Қалжыр-Маралиха, және Мақаншы-Жалаңашкөл автожолдары автокөліктердің барлық түрлеріне жабылды.

Сондай-ақ ТЖМ, ШҚО-да сенбі күні 11 сағат 10 минутта Өскемен-Зыряновск автожолының 65-700 км учаскесінде өздігінен көлемі 120 м3 қар өшкіні болғанын хабарлайды. «Ауа райының нашарлауы себепті - бұрқасын мен қар үйінділерінің пайда болуынан 24-ші желтоқсаннан бері жолдағы қозғалыс автокөліктің барлық түрлеріне жабық», - деп хабарлайды мекемеден.