Өмірбек Бабанов депутаттық мандатынан бас тартты
Жогорку Кеңеш депутаты Өмірбек Бабанов Орталық сайлау комиссиясына (ОСК) мандатынан бас тартатынын айтып, арыз жазған. Бұл жөнінде оның кеңесшісі Мирсулжан Намазалиев хабарлады. Оның сөздерінше, арызды ОСК-ға 15 қаңтарда жіберген.
Қырғызстанда өткен президент сайлауында Сооронбай Жээнбековтің басты қарсыласы болған «Республика» партиясының лидері Өмірбек Бабанов сайлаудан кейін, бірден «Бішкек-Мәскеу» рейсімен ұшып кеткен. Сонда оның әріптестері Ресейге емделуге кеткенін айтқан.
Кейін ҚР Бас прокуратурасы Бабановқа қарсы «Конституциялық құрылымды күшпен құлатуға жария түрде шақырды» деген айыппен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
2017 жылдың аяғында Бабанов саясаттан біржола кететінін жариялады.
Ал Орталық сайлау комиссиясы парламент депутаты Өмірбек Бабановтан әзірге ешқандай арыз келіп түспегенін айтады.
Abai.kz