Жұма, 22 Қараша 2024
Анық 4921 8 пікір 17 Қаңтар, 2018 сағат 13:56

Жаңа есім табудың әлегі

Кеше ғана есігімізден шығарып салған 2017 жыл өз ерекшеліктерімен есте қалды. Соның Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихына мән беріп, оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудің жаңа мультимедиялық алаңын қалыптастыр тапсырмасы аясындағы «100 жаңа есім» жобасы болатын.

Атақ мансапқа құмар ел емеспіз бе, жүз есімге ұмтылғандардар қаншама болды. Ал, оларды таңдау әлеуметтік желі арқылы жүргізілді. Естеріңізде болар қолдарыңыздағы телефонға «Мына кісіге дауыс беріңіз» деген СМС хаттар ағылы. Ал, ел болса үміткердің ел дамуына қандай еңбек сіңргеніне емес, таныстығы мен білістігіне қарай дауыс беріп әлек болды. Былайынша айтқанда мәдени сыбайластыққа қатты ұқсады. Қазақ елінде жалпы халықтық сайлау, таңдау дегеннің қалай өтетінін жақсы білесіздер.

 

Айта кетейік іріктелген жаңа есімдердің13-і бизнес өкілі, 31-і әртүрлі сала өкілдері, 17-і ғылым, 12-і спортшы, 20-ы медицина мамандары болса,  9-ы мәдениет майталмандары болды.

Дұрыс, ғалымдарды таңдауы жөн-ақ. Бірақ, сол ғалымдардың не артықшылықтары үшін таңдағаны бұлыңғырлау болып тұр. Бәлкім дауыс беретін туған-туыс басым не тірегі мықты ма деген жалған күдік жалп етті. Болмаса Қазақстанда 27 мыңнан астам ғылым докторы мен ғылым кандидаттары бар. Бұл соңғы 3-4 жылда берілген ph докторы ғылыми дәрежесін айтпағанда. Барлығын қоса алғанда ғалымдарымыздың саны 30 мыңға жуықтайды екен. Өлеңге әркімнің де бар таласы демекші осылардың ішінен іріктеліп шығардай айды аспанға шығарғандары бар ма? Әрине, оған уәжі де табылар.

Ал, жаңа есімде спортшылардың неге жүргенін білмеймін. Олардың есімдері онсыз да жер жарып  тұрған жоқ па? Тіпті, ақын Бегарыс Шойбековтың де есімін көріп қалдық. Оны ақындық қыры үшін таңдаған шығар. Бірақ, неге алтын домбыраның екі мәрте иегері Мұхтар Ниязов емес болмаса жаңа шығып келе жатқан ақын болмады. Иә, осындай күдіктер көп. Дегенмен байдың асын байғұс қызғанғандай болмайық. Сондықтан мұны талдап керек емес шығар. 

 Жә, онда мұны жиып қоя салайық. Енді, алдағы уақытта жаңа есімді табу жалғасын таппақ. Олай болса соған бір ұсыныс жасайық. Мәселен сол жаңа есімдердің ішінде қазіргідей бизнесмендер мен міндетін орындап жүрген медицина мамандарын емес Ыбырай Жахаев секілді дала академигін, Сәлима Жұмабекова секілді таза еңбек адамдарын және күні кеше ғана елді дүр сілкіндірген Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданының УАЗик көлігін самасовал етіп өзгерткен ойлаптапқыш азаматы мен Жамбыл облысында қарапайым қойшысы үш доңғалақты мотоциклден автокөлік жасап, оны «Қазақваген» деп атаған өнертапқыш Төлеген Юсупов сынды жандарды таңдауы керек. Сонда ғана біз әділ сайлау, таза таңдау жасап, ел дамуына үлес қосамыз. Болмаса еңбегі еш, тұзы сор болып жатқан қанша өнертапқыштар мен ғалымдардың еңбектері еленбей қала береді де, ел болашағы бұлыңғыралана береді. Ең құрығанда осы сайлау әділ болсыншы ағайын! Сондықтан жаңа есімдерді таңдағанда туыстық пен таныстыққа қарап емес, елге берері бар еңбегінен қарап таңдау жасайық.

Сәкен Алдашбаев

Abai.kz

 

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5292