Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4832 0 пікір 28 Желтоқсан, 2010 сағат 07:32

Жаңа жылда жасасын, асқақтасын Алаш!

Тағы бір жыл тарихқа айналып барады. Әлем және ел ішіндегі ірілі-ұсақты оқиғаларға толы болған 2010-ншы жылдың да күнтізбесі жабылып жатыр. Шымылдығын жапқалы тұрған жылдың басында «Ел бірлігі» доктринасын ұсынған қазақ билігі және оған қарсы болған зиялы қауым келісімге келген еді. Одан кейін қазақтың қабырғасын қайыстырып, қамықтырып, қара жамылтып Қызылағашты су тасқыны алды... Ел болып егіліп, көп болып көмектескен қалың жұрт бірлігін, тұтастығын паш етті. Қызылағаштың жарасы жазылмаса да, шетін болған дүние орнына келді. Тәуба!

Ағындап айлар өтті. Ентігіп жүріп  ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің саммитін де өткеріппіз.  Айта берсек, әңгіме көп, тізе берсек, тізіп айтар естелік көп. Енді, алдан тек жақсылық, үміт күтетін қазақы қалпымыздан аумай,  Жаңа жыл жарылқасын дейміз! Күллі адамзат күтіп отырған Жаңа жыл құтты болсын! Әр шаңырақ шаттықтан шалқысын!

Жаңа жылда жасасын, асқақтасын Алаш!

«Абай-ақпарат»

P.S. «Abai.kz» ақпараттық порталының ұжымы қалың оқырман қауымға  қысқа мерзімді демалысқа шыққанын хабарлайды. Төменде«Abai.kz»  порталында жарық көрген үздік мақалалардың топтамасын беріп отырмыз. Ұжым сәл тынығып алып, қайтадан қызметке кіріскенше, сіздерге рухани азық болсын. Жүздескенше, достар!

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1077
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2630
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 750
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 717