Жексенбі, 6 Қазан 2024
Жаңалықтар 3571 0 пікір 28 Желтоқсан, 2010 сағат 07:54

«Әділет» партиясының лидері заңда Назарбаевтың өкілеттіктерін ұзарту бойынша кедергілер бар деп ойламайды

Астана. 28 желтоқсан. ҚазТАГ – «Әділет» демократиялық партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаев президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттіктерін 2020 жылға дейін ұзарту бойынша референдум өткізу бастамасын қолдап шықты.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл ұсынысты шектейтін ештеңе жоқ», - деді М. Нәрікбаев сейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, «билік пен саяси бағыттың сабақтастық проблемаларын шешудің объективті қажеттілігі бар, соңғы жылдары бұл туралы көп айтылды».

«Президенттің өкілеттіктерін 2020 жылға дейін ұзарту бір бағыттан екінші бағытқа жармасқаннан гөрі, алға қойылған даму мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді (…). Президент Қазақстан халқынан сенім мандатын алғаннан кейін ұлт лидері мәртебесіне сәйкес партиялық жүйеүстілік болып, осылайша, биліктің барлық тармақтарының теңгерімдігін, саяси күштердің диалогы мен азаматтық қоғам мен мемлекеттің толық ықпалдастығын қамтамасыз ету үшін барлық алғышарттар бар», - деді М. Нәрікбаев.

Еске сала кетейік, 27 желтоқсанда ОСК референдум өткізу бастамасын көтерген бастамашы топты және Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттіктерін 2020 жылға дейін ұзарту туралы мәселені тіркеген болатын. Заңға сәйкес, олар облыстардан, Астана және Алматы қалаларынан, әр аймақтан 12,5 мың қолдан кем емес көлемде кем дегенде 200 мың қол жинау қажет.

Бастамашылар дүйсенбі күні қол жинау жұмыстарын ұйымдастыруға кірісіп кетті. Қол жинау процесі аяқталған соң қол қойылған парақтар үш күн мерзімде тиісті аумақтық комиссияларға тапсырылуға тиіс, олар аумақтық әділет органдарының қызметкерлерін тарту арқылы азаматтардың қолдарының шынайылығын тексереді.

Бұған дейін бастамашыл топтың өкілдері мәлімдегендей, референдум 2011 жылдың наурызында өтуі мүмкін.

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыңбилік басында отырғаны 20 жыл болды. Кезекті президенттік сайлау 2012 жылға жоспарланған. Н. Назарбаевтың өкілеттіктері 1995 жылы республикалық референдумның шешімімен 1999 жылдың соңына дейін ұзартылған болатын.

«Әділет» партиясының қатарында 70 мың мүше бар.

0 пікір