Дүйсенбі, 12 Мамыр 2025
3508 2 пікір 23 Қаңтар, 2018 сағат 08:59

Түркіменстанның "қара базарында" доллар қымбаттап кетті

Түркіменстанның заңсыз валюта айырбас пунктерінде АҚШ долларының бағасы жаңа рекордқа жетті. Дүйсенбі күні таңертең Ашхабадтағы "қара базарда" 1 АҚШ доллары 11 түркімен манатына теңесті.

Кешке қарай доллар бағамы 12 манатқа жеткен. Азатлык радиосының Ашхабадтағы дереккөзінің мәліметіне қарағанда, "қара базарда" шетел валютасы 17 қаңтардан бастап өсе бастаған.

"Валюта аса қажет болғандарға 12 манаттан доллар сатқан. Бұны валюта сатушылар да, сатып алушылар да айтып отыр. "Қара базарда" бұған дейін доллар мұндай қымбатқа сатылған емес", - деді Азатлыкқа Ашхабаттағы шолушы Аманмырат Бугаев.

Бұған дейін валюта рекорды жаңажылдық мереке қарсаңында тіркелген. Сол кезде шетел валютасын 9.8-10 манаттан сатып, 10.2-10.4 манатқа сатып алған.

Түркіменстанда валютаны қолма-қол айырбастауға 2016 жылдың басында ресми түрде тыйым салынған. Түркіменстан Орталық банкі доллар құнын 3.5 манат деп 2015 жылдың басында белгілеген, бұл бағам әлі күнге дейін өзгерген жоқ.

Түркіменстанда шетел валютасын халық негізінен заңсыз айырбас пунктерінен алып жүр.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2176
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3835