Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4069 0 пікір 23 Қаңтар, 2018 сағат 09:24

Автобуста өртеніп қаза тапқан өзбекстандықтардың отбасы өтемақы алады

Ақтөбе облысында жолаушы автобусы өртеніп, қаза тапқан Өзбекстан азаматтарының отбасы қаржылай көмек алады. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 21 қаңтарда осындай бұйрыққа қол қойды.

Президент бұйрығына сәйкес, жергілікті билік, денсаулық сақтау басқармалары, белсенділер қаза тапқандардың отбасына барынша материалдық және моральдық қолдау көрсетуі тиіс делінген.

Қайғылы оқиғаға байланысты Шавкат Мирзияев осының бәрі елде жұмыс орындарының жетіспеушілігінен, отбасын бағу үшін өзге елге жұмыс іздеп кетеді деп мәлімдеген.

18 қаңтарда Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Самара-Шымкент тас жолы бойында жолаушы автобусы өртеніп, көліктегі 57 адамның 52-сі қаза тапқан. Қайтыс болғандардың дені – Өзбекстан азаматтары. Тірі қалғандардың үшеуі Қазақстан, екеуі Өзбекстан азаматы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377