Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6994 11 пікір 23 Қаңтар, 2018 сағат 10:33

Қазақтар топ-тобымен шоқынып жатыр

Осылай деп дабыл қақса мына елге қалай әсер етер еді? Менше пәлендей әсер етпейді ғой деп ойлаймын. Яғни жаңа көріп жатырмын әлгі "шоқыну аязында" христиандардың әзірлеген жерінде тоқсан пайызы шамасы қазақтар балаларын алып келіп суға түсіп жатыр.

Былай қарағанда пәлендей бір нәрсе жоқтай көрінеді. Неге десеңіз аязда шынығып жатыр. Бірақ мәселеде сол суда емес сол күнді және сол суды христиандардың өздерінің діни сенімі етіп алуында жатыр ғой.

Мысалы бізде мұсылмандарда айт күндері бар және ораза айы бар. Міне сол айтта жапа-тармағай мойнында крестері бар орыстар айтты тойлап дастархан жайып жүрсе не болмаса денсаулыққа пайдалы екен деп ораза ұстап жүрсе сол христиандар қалай қабылдар екен?

Әрине сол суға түскен қазақтар сол дінге өтіп кетеді демеймін. Сол шырақтардың кейбірі кәпір болып кетпейін деді ме бірі "Бісмәллә" десе енді "Алла әкбар" деп жар салып түсуде. Ондағысы мен мұсылманмын мына қазақ болып суға түскеніме қарап мені кәпір етіп жүрме деп өзін қорғаштағандағысы. Бірақ іштей осы су қасиетті және осы суды банкаңа құйып сақтап ішсең пайдалы ғылым солай дейді деп жуып шайса да бәрібір жан дүниесінде сол христиан сеніміндегі осы бір дүние әй, әжептеуір дүние ендеше оны неге пайдаланбасқа деген сол сенімге ергіндігі тағы бар. Бірақ оны мойындағысы келмейді.

Әйткенмен әрине кәпір болып кетті демейміз. Бірақ әз Пайғамбар ғалайкім саламның "Кім қай қауымға ұқсаса онда сол қауымнан" дегені тағы бар. Ендеше бәрі де осылай басталады. Бүгін баласын алып келіп шоқыну аязына түсіріп жүрген күн ертең сол бала шіркеу барып жүрсе ешқандай таңқалмаймын. Әрі сол әкесінің жаназасын шіркеуден шығарып жүрсе сол әке кімді кінәлайды? Бүгін шоқыну суына түскен күр ертең паскалын тойламасына кім кепіл?

Бұларды кінәлаймын десем бұл алаштың бүгінгі қалған жұрнағының христиандарға ұқсаған көп жағы бар екен.

Әуелі несі ұқсайды десек көп жұрнақтың тілі ұқсайды. Әрине бірақ тіл Алланың жаратқан табиғи нәрсесі болғандықтан орысқа ұқсаса да христианға ұқсамайды. Тілдің дінге қатысы жоқ. Десекте орысқа ұқсайтыны жағынан бар. Келесі орыстың арағын ішеді. Атам қазақтың "Арақ атамнан қалған ас емес" дегені бар болса да атасынан қалғандай ішетіндей әлі де көп. Мысалы жаңа жылдағы тойлаулар арақ жағынан болсын басқа да көп жақтарына болсын ұқсас жақтары көп.

Ал христианда шарап ішу бар. Мысалы алғаш рет шырша жаңа жыл болшебик жылдары мына Алматының төрінде бір түнде арақ таратып елді сол жерге жинап үйреткен. 50-60 жылдары ғой деймін. Енді келейік тойға. Орыстарша тойлау сонау дәл сол қателеспесем 50 жылдары кіре бастады. Оны комсомол тойлары деп те атайды. Сонда күндіз кәдімгі қазақтың үйлену тойы болады де ал түнде орысша, болшебикше той болатын. Сол кешкі "бешірге" тек жастардың өздері ғана барып арақ ішіп тойлайтын болған. Қариялар бармаған. Келесі, адам өлгендегісі де билікте, зиялыларда жерлегенде орыстарша жерлейтінді шығарған.

Яғни бәлшебіктер өздері атеисттер болса да жерлегенде христианша жерлеген. Сурет қою, мәйіттің бетін ашып қою, орысша музыка тіпті кейінгі кезде жастарда шапалақ қағу тіпті жаназасын шығармау, кастем кигізу бәрі бәрі христиан сенімдері.

Кешегі билер мен хандардың жерлеу рәсімі қайда мынау қайда? КІмге көбірек ұқсап тұрмыз? Бұлар әлгі суға түсуден әлде қайда айқын нәсрелер. Және болшебіктік сенімдер.

Әрі доңыз хайуанын алайық. Кейбір жерлерде жемек тұрмақ мал баққандай шошқа бағатын қазақтар бар. Және ол былай тұрсын "Халал" сертификатын алып бірақ шұжығына сол доңыз майын қосатындар көп. Тоқсан бес пайызы солай. Тіпті оның қосылмаған жері жоқ. Ендеше соған сеніп жүрген мұсылманның дұғасы қалай болмақ?

Соңғысы киімсіздік. (Әдептілік сақтап айқын сөзді айта алмаймын). Киімсіздік Ібіліс шайтанның ең мықты стратегиясы. Құранда Алла Тағала мағынасымен айтқанда әлгі сендердің ата-аналарыңды киімдерін шешуге себеп болғаны секілді сендерді де киімсіз етіп масқара етіп жүрмесін дейді. Иә, Адам ата, Хауа ана күнә жасаған жоқ. Бірақ мәселе бір елдің бұзылуы сол киімсіздіктен басталады. Адам мен аңның арасындағы айырмашылық сол киімде. Адам киіммен ғана адам. Ал бізде сол киімсіздік әлгі Алматының бір дүкенінде бес мың теңгеден басталды. Сол кезде естеріңізде болса "Бұл шайтанның ойыны ол әлі талай ойын көрсетеді" деген едік.

Міне бұл күнде ол көп мақсатына жете бастады. Тіпті мына қазақты қазақ етіп қалдыру мақсатымен ашылып сол ашқаны үшін құрбан болған Әуезов Театрын алайық. Соңғы бір қойылымда киімсіз денелерін қыз бен жігіт "кленкамен" орап масқара болған көрінеді. Көрген жігіт шыдай алмай теріс қарағанын айтады. Сол баяғы орысқа еліктегендегісі. МІне ендеше сіз о қазақпен бұ қазақты салыстырып көріңіз. Сіз егер бұл мұсылманшылықты бұл болмайды десеңіз бір қазақ атеист шығып ал анау он бес жасар қызды қорлаған мұсылманға не дейсің дейді. Сіз ол салаф, жат ағым десеңіз мен үшін бәрі мұсылман деп шығады. Оның үстіне бүгінгі өздерін ханафи санаған көп жастар бар бірақ салафи вирус кіргендіктен, радикал болып әбден қатайып алған.

Бұл күндері тіпті Иса көктен түсіп, Мәді жерден шығып Мен Исамын, мен Мәдімен десе олардың өзін оп-оңай ақидасыз қып шығарады. Осындай халдегі мұсылмандар әлгілерге қалай насихат айтады? Қалай өнеге болмақпыз? Кешегі Әлихан, Міржақыптар не үшін құрбан болды өзі? Олар бұл күнде болса біздің мына халімізді көрсе не дер еді? Абайды айтпай-ақ қояйын. Жаппай осылай болып бұл қазақ шыр көбелек айналып жатқанда әлгі "шоқыну аязында" "бісміллә" дегендерге енді біз не айта аламыз?!

Мұхиддин Исаұлы

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377