Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Әкімнің ісі 6495 23 пікір 23 Қаңтар, 2018 сағат 12:21

Cауранбаев: Дополнение обязательно нетіп неғылыңдар

Тағы да тіл мәселесі талқыға түсті. Шымкенттегі әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжанов мырза өткен жылғы атқарған шаруаларын түйіндеп, жұртқа есеп беру жиынын өткізген. Жиын Қазақстанның мемлекеттік тілінде, яғни қазақ тілінде өткен.

Сол жиынға келген тыңдаушы топтың ішінен бір азамат әкімді қазақ тілінде сөйлегені үшін сөгіп, өкпе-ренішін сол жерде білдірген.

"Регламентпен жұмыс жасаймыз. Нұрсұлтан аға Әбішұлы Назарбаев әрдайым екі тілде сөйлейді. Әкімдік - мемлекеттік мекеме. Сіз, құрметті әкім мырза, Конститутцияның бір бабын бұзып отырсыз. Рахмет!",-депті әлгі кісі.

Әкімге қос тілде сөйлей қоймадың деген азамат Ресейдің мемлекеттік тілінде сөйлеген. Өз сұраған Кремльдің ресми тілінде қойған.

Бұл "сынға" аудан әкімі Бауыржан Ахметәліұлы Қалжанов мырза жауап бермеді.

Сөйтсе, жиын төрінде Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев дейтін азамат та отырған екен. Әлгі жерде, сұрақ қоюшыны қолдай сөйлеген айыр тілді әкім мырза былай дейді:

"Елбасы бізге пример де көрсетіп жатыр. Везде на всех мероприятиях должны вестись на двух языках. Вот вы Послание Жолдауды соңғы естідіңіз ғой? Два вопросты Елбасы қазақша айтты, екі вопросты орысша айтты. Поэтому в этом отношений доступность информации и Конституционная права они должны всегда соблюдаться. Поэтому Бауыржан (Әл-Фараби ауданының әкімі) 10 балный система, саған… сізге бәрі солай деді. Бірақ, мына жағынан я думаю есть вопросы которые… Баяндама жасағанда тағы да ішінде или дополнение обязательно нетіп неғылыңдар. Ол жағынан я думаю правильное замечание от жителя города была. Поэтому эти вопросы я думаю что надо обязательно соблюдать".

Жиын қорытындысы бойынша, Шымкенттің әкімі аудан басшысының жұмысына оң баға берген.

Қазір әлеужелі қолданушылары Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаевтың сала-құлаш сөздерін қызу талқылап жатыр. Шешендіктің "шебер" үлгісін көрсеткен Нұрекеңнің қос тілге жүйрік "полиглот" екенін екінің бірі біле бермейтін. Оны қойшы, Нұрлан Сауранбаев дейтін әкімнің бар-жоғы белгісіз еді ғой. Енді, бүкіл қазақ қоғамы Сауранбаевты таныды.

Тек, сорақасы - 100 пайыз қазақ тілінде баяндама жасаған аудан әкімі, Ресейдің мемлекеттік тілінде сөйлей қоймағаны үшін екі мәрте ескерту алды.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

23 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052