Бейсенбі, 17 Сәуір 2025
3904 1 пікір 24 Қаңтар, 2018 сағат 09:12

Қазақстанда тағы бір жолаушылар көлігі өртенді, зардап шеккендер жоқ

Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің хабарлауынша, Шымкентте Жібек Жолы көшесінде жолаушылар автобусы өртенді.

Полиция автобустың өртеніп жатқанын бақылау камерасынан байқаған. Оқиға орнына барған соң өрт сөндірушілер өртті дереу сөндірген.

ІІД ақпаратына қарағанда, «Шаулинь» маркалы шағын автобус 22-маршрут бойынша жолаушы тасымалдап жүрген. Автобуста өрт шыққанда жүргізуші мен екі жолаушы болған. Өрттен ешкім зардап шекпеген.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына қарағанда, өрт автобустағы электр желілерінің қысқа тұйықталуынан шыққан.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1957
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4792
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3958