Өзбекстанның Қырғызстанмен шекарасында жеті метрлік қабырғалар тұрғызылуда
Алматы. 10 маусым. ҚазТАГ – Өзбекстанның Ферғана облысының Риштан ауданында Қырғызстанмен шекара бойына биіктігі 7 метрлік бетон қабырғалар салынып жатыр. Бұл туралы «Ферғана.ру» «Озодлик» радиосына («Азаттық» радиосының өзбек қызметі) сілтемелеп хабарлайды.
Олимджон атты жергілікті тұрғын радио тілшісімен сұхбаты барысында шекаралық құрылыстар осыдан бір ай бұрын басталғанын айтыпты. Оның айтуынша, «қабырғаны салу «Қайтбас» шекаралық кеден бекетінің жанындағы территорияда жүріп жатыр».
«Қабырға құрылысына сотталғандар да тартылған, осы жерге колониядан әкелінген жиырма-отыз шақты адам. Олар шекара маңында тұрады», - деп хабарлайды радио.
9-ші маусымда Қырғызстан шекара қызметі өз тарапынан, Өзбекстанның қырғызстан жағымен еш ескертусіз және үйлестірусіз, бір жақты түрде мемлекеттік шекарада қорғаныс құрылысын салып жатқанын растады. Өзбекстан Қырғызстанмен шекаралас Әндіжан облысының аудандарын тереңдігі мен ені үш метрлік ормен қоршап жатыр. Қырғызстан шекара қызметінің мәліметтері бойынша, бұл жұмыстар Қырғызстанның Сузақ, Ақсый мен Ноокат аудандарымен шекаралас жерлерде жүргізіліп жатыр.