«Тұран Әлем Банкі» ААҚ Басқармасының төрағасына қарақшылық шабуыл жасауды ұйымдастырушыны ұстау туралы БАҚ-қа ақпарат
Алматы қаласының ІІД криминалдық полиция қызметкерлері «Тұран Әлем Банкі» ААҚ Басқармасының төрағасынан 2 млн-нан астам АҚШ долларын бопсалап, қызметтік автомашинаны өртеуді ұйымдастырды деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде болған Астана қаласының 40 жастағы тұрғынын ұстады.
2002 жылдың басында күдікті өзінің сыбайластарымен бірге «Тұран Әлем Банкі» ААҚ Басқармасының төрағасынан ақшалай қаражат бопсалауды жоспарлайды.
2002 жылғы 17 маусымда қылмыскерлер «Тұран Әлем Банкі» ААҚ-ның қызметтік көлігі кеңседен шығып келе жатқанда жанатын қоспа салынған бөтелкелерді машинаға лақтырып, өрт шығарады.
20 маусымда қылмыстық топ мүшелері банкирдің жеке күзетшісіне металды арматурамен дене жарақатын түсіріп, «Тұран Әлем Банкі» ААҚ-ға тиесілі ішінде екі магазині мен 14 патроны болған «Зигзауер» тапаншасын, 2 ұялы телефонды, радиостанция мен автомашинаның құжаттары салынған сөмкесін тартып алған.
2002 жылғы 25 маусымда Алматы қаласында ұйымдасқан топ жәбірленушінің жеке жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасап, дене жарақатын түсіреді және оның мүлігін иеленеді.
Қылмыстық топ мүшелері қорқытып, ақша талап етіп, банкирдің телефонына бірнеше рет қоңырау соғады және Латвия сауда банкіне ақша аудару туралы хаттар жібереді.

Қазіргі уақытта қылмыстық істі Қазақстан Республикасының ҰҚК тергеуде. Қылмысқа қатысқан басқа да адамдарды анықтау және ұстау бойынша шаралар қабылдануда.
Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция комитеті