Жұма, 27 Желтоқсан 2024
«Соқыр» Фемида 5674 7 пікір 8 Ақпан, 2018 сағат 10:27

Сот үкімі: Ерлан Біләлға 52 млн теңге айыппұл салынды

Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бұрынғы директоры Ерлан Біләлға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Судья Қуаныш Әріпов театр директорын айыпты деп тауып, пара көлемінен 35 есе жоғары көлемде айыппұл салды. Енді Ерлан Біләл 1 ай ішінде мемлекетке 1,5 млн теңгені 52,2 млн теңге етіп қайтаруы тиіс.

Сонымен қатар, судья Президент атына Ерлан Біләлді мемлекеттік марапаттарынан айыру туралы өтінім жіберді. Оның алдында прокурор сотталушыдан алған парасынан 60 есе көп айыппұл, яғни 90 млн теңге өндіріп алуды сұраған болатын.

Ерлан Біләлдің өзі сотқа үкім шығарарда оның денсаулығының нашарлығын және кінәсін толық мойындағанын ескеруді, мүмкін болса, бас бостандығынан айырмай, айыппұл көлемін азайтуды сұрады.

«Сезам» қоғамдық қайырымдылық қорының президенті Қайрат Баяновтың адвокаты қорғауындағы азаматтың материалдық шығынға қатысты ешқандай шағымы жоқ екенін, өйткені барлық қаражат өтелгенін жеткізді.

Айта кетейік, тергеушілердің мәліметі бойынша, Ерлан Біләл «Сезам» театрының жетекшісі Қайрат Баянов 1,5 млн теңге пара талап еткен. Ол 2018 жылдың 2 қаңтарында 600 мың теңге алған, 4 қаңтарда параның қалған бөлігін 900 мың теңгені алып жатқанында ұсталды.

Abai.kz

 

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052