Сенбі, 23 Қараша 2024
3526 3 пікір 9 Ақпан, 2018 сағат 09:03

Ашхабадта банкоматтан ақша шешіп алу қиындап кетті

Түркіменстан астанасында мемлекеттік қызметкерлер қаңтар айының пластик карталарға аударылған жалақыларын алудан қиыншылық көріп отыр. 7 қаңтарда карта иегерлері астаналық банкоматтардан бір мәрте 200 манаттан артық шешуге болмайтынын білген.

"Банкоматтарға 10 манаттық купюралар ғана салынған. Банкомат жиырмадан астам купюра бермейді. Соның кесірінен адамдар 200 манат қана шешіп алады",- деді Азатлыктың Ашхабадтағы шолушысы Аманмырат Бугаев.

Оның айтуынша, 1000 манат көлеміндегі күндізгі лимитті шешіп алу үшін тұтынушыларға бір операцияны бес мәрте қайталауға тура келеді. Оның үстіне банкоматта ақша тез бітіп қалады.

"Түркіменстан" банкі филиалына жиналғандардың төрттен бірі ғана қолма-қол ақша шешіп ала алған.

Түркіменстанда соңғы төрт жылда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын банк карталарына аударады. Қазір пластик карталарға зейнетақы, өтемақы, стипендия, сонымен бірге шаруалардың жалақыларын жолдайды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406