Жексенбі, 27 Қыркүйек 2026
4466 5 пікір 9 Ақпан, 2018 сағат 09:08

Собчак CNN эфирінде Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға араласқаны үшін кешірім сұрады

Ресей президенттігінен үміткер Ксения Собчак 8 ақпанда АҚШ-тан Ресейдің америкалық президент сайлауына араласқаны үшін кешірім сұрады.

CNN телеарнасы эфирінде ол ресейлік хакерлер сайлауға шынымен ықпал еткен болса, бұл жағдай үшін өкінетінін айтқан. Собчак Ресейді оқшауламауға шақырып, оған халықаралық процестерге көбірек қатысуға мүмкіндік беруін сұрады.

Ресейде президенттік сайлау 18 наурызда өтеді. Собчак оған "Азаматтық бастама" партиясы атынан қатысады. БАҚ оны президенттік әкімшілікпен байланысы бар деп айыптаған, бірақ тележүргізуші Кремльдің қатысы жоқ деп отыр. Ол өзін "барлығына қарсы" үміткер деп атады.

Собчактан басқа бұл сайлауға Сергей Бабурин ("Российский общенародный союз"), Павел Грудинин (КПРФ), Владимир Жириновский (ЛДПР), Владимир Путин (өзін өзі ұсынушы), Максим Сурайкин ("Коммунисты России"), Борис Титов ("Партия Роста") және Григорий Явлинский ("Яблоко"). Оппозиционер Алексей Навальный Кировлес ісі бойынша сотталғанына байланысты, оны президенттік сайлауға үміткер ретінде тіркемеді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1515
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3131
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1126
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1049