Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2090 0 пікір 10 Маусым, 2009 сағат 21:45

«БЕКІРЕ-2009» ЖЕДЕЛ - ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША БАҚ ҮШІН АҚПАРАТ (АСТАНА, 2009 ЖЫЛҒЫ 1 МАУСЫМ)

Ішкі істер министрлігі, балық ресурстарына қылмыстық қол сұғу шылықтармен байланысты жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында ағымдағы жылдың 10 сәуірі - 1 маусымы аралығында Орал - Каспий аумағында балық пен балық өнімдерінің заңсыз айналымы және браконьерлік фактілерін анықтауға жолын кесуге бағытталған «Бекіре» жедел - профилактикалық іс-шарасын жүргізді. Іс-шаралар балық қорғау және шекара қызметі органдарымен өзара іс-қимыл жасасып өткізілді.
Көрсетілген кезеңде Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының ішкі істер органдары заңсыз айналымнан 26,5 тонна балық, оның ішінде екі тоннадан астам бекіре тұқымдас, 453 аулау құралы, 13 жүзу құралы тәркіленді. Заңсыз балық аулау, балық пен балық өнімдерін сатып алу немесе сату фактілері бойынша 60 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 37 сотқа жолданды, 173 әкімшілік хаттама толтырылды, 570 мың теңге айыппұл өндіріліп алынды. Браконьерлік фактілері бойынша келтірілген шығын 6,3 млн. теңгені құрады.
Осы операцияда балық және балық өнімдерін заңсыз сатып алу немесе сату, тасымалдау фактілерін анықтауға және жолын кесуге ерекше көңіл бөлінді. Осылайша 21,5 тонна, оның ішінде бір тоннадан астам бекіре тұқымдас балықты заңсыз тасымалдаған 60 автокөлік құралы ұсталды.

Мысалы, Атырау облысы ІІД-нің полиция қызметкерлері «Атырау-Орал» тас жолында тиісті құжатсыз үш тонна балық тиелген Атырау қаласы тұрғынының басқаруындағы «ГАЗ» автомашинасын ұстады.
Ағымдағы жылы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде заңсыз балық аулағаны үшін 32 Ресей және Әзербайжан азаматымен 7 жүзу құралы ұсталды, олардан 800 кг астам заңсыз аулаған балық, оның ішінде 330 кг бекіре тұқымдас, 40 аулау құралы тәркіленді.
Сонымен қатар Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ІІД ағымдағы жылдың сәуірі - мамырында балық қорғау органдарымен бірлесіп, Орал - Сырдария, Балқаш - Іле, Зайсан - Ертіс бассейнінде және республиканың басқада су қоймаларында, балықтың улдырық шашу кезеңінде браконьерліктің жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді.
Осылайша көрсетілген өңірлерде бір мыңнан астам заңсыз балық аулау мен балықты құжатсыз тасымалдау фактілері анықталды. 13 қылмыстық іс қозғалды, 992 әкімшілік хаттама толтырылды, 3 млн. теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. 7,5 тонна балық, 849 аулау құралы, 66 жүзу құралы тәркіленді. Осы өңірлерден браконьерлік фактілер бойынша келтірілген шығын 3,3 млн теңгені құрады.
Жалпы ағымдағы жылы қабылданған бірлескен шаралар балықтың улдырық шашу кезеңінде республика аумағында жаппай браконьерлік фактілерін болдырмауға мүмкіндік туғызды.

Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5533