Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
5669 0 пікір 1 Наурыз, 2018 сағат 08:38

Түркіменстанның солтүстігінде құстар белгісіз вирустан қырылып жатыр

Түркіменстанның солтүстігіндегі Дашоғыз облысында құстар белгісіз вирустан қырылып жатыр. Азатлык дереккөзінің мәліметіне қарағанда, бұл аймақтағы Болдумсаз және Гурбансолтан аудандарында кем дегенде ондаған тауық қырылып қалған.

"Өлген тауықтың еті қара көмір түске айналады. Бір тауық өлсе болды, ауылдағы қалған тауықтар да қырылып қалып жатыр", - деп хабарлады дереккөз. Оның сөзіне қарағанда, жергілікті ветеринарлар берген дәрілерден көмек жоқ.

Бұған қоса, тұрғындар аймақта сібір жарасынан малдар өле бастағанын хабарлады. Дашоғызда құстар мен малдардың кеселі туралы ресми билік ешқандай мәлімет таратпады.

Соңғы жылдары Түркіменстанда мал-құс кеселдері бірнеше мәрте тіркелді. Өткен жылдың желтоқсан айында Дашоғыз облысының бірнеше ауданында ондаға мал белгісіз жұқпалы аурудан қырылған.

Бұл уақытта ресми ақпарат құралдары елдің экономикалық, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер туралы хабар таратып жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1164
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2690
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 806
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 778