Дүйсенбі, 12 Мамыр 2025
4062 2 пікір 5 Наурыз, 2018 сағат 09:21

Атырауда өрттен қаза тапқандар саны жетіге жетті

Атырау облысында Қарабатан газ турбиналы электр станциясы аумағындағы жатақхана өртінен тағы бір адам қаза тапты деп хабарлайды облыстық аурухана директоры Саина Шумирова.

Аурухана директорының сөздерінше, өрттен денесі күйік шалған бір науқас 3 наурыз күні таңертең қаза тапқан.

Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ақпараты бойынша, контейнерден тұрғызылған жатақханадағы өрт 2 наурыз күні таңертеңгі сағат 8:41-де шыққан. Өрт тұтанғанда жатақханада түнгі ауысымда жұмыс істейтін 20 шақты адам болған. Өрт сағат 10:45-те сөндірілген.

Оқиға орнында алты адам қаза тапқан. Төртеуі күйік шалып, ауруханаға жеткізілген.

Өрт кезінде жатақханада 20 адам болған. Алдын ала ақпарат бойынша, өрт электр сымының тұйықталуынан болған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2150
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3804