Сенбі, 23 Қараша 2024
Бірлік 5870 33 пікір 13 Наурыз, 2018 сағат 09:44

14 наурыз күні Отпан тауда бірлік алауын бірге жағайық!

 

«Адай Ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешені жайлы аз жазылып жүрген жоқ. Сондықтан оның бәрін қайталап жатпаймын.

ОТПАН ТАУЫ – Маңғыстаудың қара ойының қақ төрінде орналасқан, Қаратаудың ең биік шыңдарының бірі.

Отпан (От Ман) – От, ан, пан (Ман) деген біріккен сөздерден тұрады. Сөз түбірі – От. Бұл атау ең алғашқы от жаққан және осы ұғымды дүниеге әкелген атамыздың есімі, яғни Оттың аптыры. От – Адтардың, яғни бүгінгіше айтқанда Адайлардың лақап аты. Ежелгі жазбаларда, тіпті мына жақын көрші орыс елінде күні бүгінде де Адайды – Одой, Уодой, Одоют деп жазып жүр. Ад-Од, Ат-От екеуі де бір қайнардан. Шындығында да, сөз түсінген адамға Аталарымыздың ілкі төр Манқыстаудағы Қаратаудың ең биік шыңына атасының атын қоймай басқаша атауы мүмкін де емес қой. Бұл қағида қазақтың сөз жасау жүйесіне де толықтай сәйкес келеді.

Ан - Ана. Өздеріңіз көріп отырғандай, Ананың сөз түбірі Ан. Екі рет қайталанған Ан деген сөзден Ана ұғымы шығып тұр. Демек, Ан бәрінің анасы, яғни бар тіршілік иелерінің бастауы.

Ан - осы түбірден туындаған Ман бәрінің атасы.

Ан – Пан (пана). Оттың тікелей мағынасы Адам баласын суықтан қорғайтын қорғаны (панасы). Пана сөзі осыған сәйкес ыссыдан қорғайтын қөлеңке, жауыннан қорғайтын шатыр, желден (дауылдан) қорғайтын ықтасын т.т. болып қолданыла береді. Мағынасы, Адай атаның жаққан оты ұрпағының панасы. Отпан тау атауының тікелей мағынасы осы.

Отпан – От Манұлы (Адман) атамыздың алғашқы от жаққан жері. Сол сияқты ішіне от жағатын ошақ пен мосының жасалған жері де осы Маңғыстау. Мосы мен ошақтың аптыры Адайдың Қосайы. Үшеуінің «ос (ош)» деген бір түбірден болатыны осыдан. Содан бері қаншама мыңдаған жылдар өтсе де ұрпақтары сол отты әлі сөндірмей жағып келеміз. Аталарымыз кезінде өздерін Күн (Ғұн) деп атап, күнге, отқа (сол арқылы Ад атасына) табынып, ұрпақтарына «Шырағың сөнбесін» деп батасын берсе, астың (дастарханның) батасын жасағанда, ата-аналарымыздың немесе өмірден өткен өзге туған-туысқандарымыздың аруағына арнап «Мінгенің пырақ, жаққаның шырақ болсын!» деп жатамыз. Сонымен қатар, әулие-аталарымыздың басына барып зиярат жасағанымызда шырақ жағатынымыздың да сыры осы. Бұл біздің ұлы аталарымыздың аруағына «Ата разы бол, Сіз жаққан отты сөндірген жоқпыз» дегеніміз болып табылады. Ата жаққан отты сөндіргеніміз, Аталар заманының ақыры болды дегенді білдіреді. Аталарымыздың ауыздарынан тастамайтын «Ақырзаманы» осы. Аталарымыз осыншама үлкен ауқымдағы, яғни 70 000 жылғы шежірені бар-жоғы Адам Ата, Адай Ата, Ман Ата, Атам заман және Ақырзаман деген 5-6 ауыз сөзге сыйғызған. Атамыз Қазақ өз тарихын бір ауыз сөзбен осылай жазған.

Ерте замандар да Отпан тауы да, оның басына жағылған Ұран оты да  Атамекен Маңғыстауды сыртқы жаулардан қорғауға қалтқысыз қызмет еткен. Аталарымыз Атамекен Маңғыстауды жайлап жатқан елдің басын жинау үшін Отпан таудың басында Ұран отын жаққан. Сүйтіп Адай халқы бірігіп елін, жерін сан рет жаудан қорғап қалған. Отпан таудың басынан жаққан алау от сонау Үстіртің үстінен көрінеді екен. Қазір бұл жерде жыл сайын Маңғыстау халқының ежелден келе жатқан жыл басы 14 наурыз-Амал күні садақа беріліп, наурыздың 13-нен 14-іне қараған түні бірліктің, достықтың, тірлігіміз бен намысымыздың, ұлттық тәуелсіздігіміз жолындағы әр жылғы жеңісіміздің мәңгілік оты жағылады. От жағу рәсіміне өлкеде еңбек етіп өмір сүріп жатқан он екі ата Байұлының (Кіші жүз) өкілдері, Ұлы Жүз бен Орта Жүздің де өлкемізге белгілі зиялы ақсақалдары қатысады. Солардың қолынан өткен факел ең соңында Адай Атаның сегіз немересінің ұрпақтарының қолымен жыл сайын жасы үлкенінен бастап өз кезегімен  жағылып келеді.  Тағы да есте сақтайтын нәрсе, Отпан таудың басында қорған болған. Сол қорғанда жыл он екі ай бойы сарбаздар өмір сүріп, күзетте болған. Қажетті уақытында от жағу үшін қорғандардың бірінде құрғақ ағаш-отын (сексеуіл, т.б.) сақталған. Бұған куә Адай Ата іргетасының тереңдігі 7 метрлік іргетасты қазу кезінде астынан өте ескіріп, жіңішкерген аттың сулығы, т.б. шыққан.

Бүкіл қазақтың Отан деген сөзінің (ұғымының) бастау алған жері де, елі де осы. Мына солтүстіктегі көршіміздің Родинасы да (өздеріңіз көріп отырғандай сөз түбірі Од (От), ары қарай Род, родные, родители, Родинасы) осы біздерміз. Жалғыз ғана айыбы, олардың қазіргі ұрпақтарының оны мойындауға саналары, яғни ақылдары мен білімдері жетпей келеді. Еске ұстайық! Сөз түбірі (өз түбі, яғни сөздің атасы) ешқашан жаңылысып көрген емес. Жаңылысатын адамдардың санасы, яғни ақылы мен білімдерінің деңгейлері ғана.

Ұлы Аталарымыздан қалған өсиетте «Ұлы Жаратушы – Алла Адам баласына не тілесең соны беремін» деген.

Шырақ (от) жарық пен бірге жылу береді. Жарық - білім, жарықтың кері түсінігі "қараңғы" надандық деген мағынасы бар.

Қазақтар "шырақ" жағады. Европалықтар (орыстар) "шырақты" үрлеп сөндіреді. Мұның мағынасы, мен мәңгі бақи қараңғылық та, яғни надан болып қалайын деген сөз.

Ал, жылуға (Жан жылуына) келсек, бұл адамдардың арасын жалған тұрған, махаббат пен мейірім деген сөз.

Отты туған күніңізде үрлеп сөндірсеңіз, бұл сол мейірім деген жылы сезімнен тезірек айрылайын деген сөзіңіз. Оның соңы адамдардың бәрін қарттар үйінен апарып тоғытады.

Шырақ (от) жағу – жарық, баламасы білім мен мейірім (махаббат).

Оны үрлеп сөндіру – қараңғылыққа тап болуы, баламасы білімсіздік пен надандық.

Тарих тағлымы: Бүкіл қазақ баласына Ақырзаманды болдырмау үшін Аталарымыз жаққан оттың өшуіне жол берілмеу керек. Алайда қазіргі ұрпақ, Аталар жаққан отты (мысалы, туған күндерінде той иесі қанша жаста болса, сонша шырақ жағып) өздері үрлеп сөндіріп жүр. Қазіргі ұрпақтың кейбіреулерінің мына өмірде жолдары болмай жүргендерінің басты себептерінің бірі осында жатқанына ақыл-есі түзу қазақ баласы менімен дауласа қоймас деп ойлаймын. Қазақ баласын Ата жолынан ауытқудың соңы жақсылыққа апармайды.

Келіңіздер! 14 наурыз күні Отпан тауда Ұран отын бірге жағайық!

Мұхамбеткәрім Қожырбайұлы, Маңғыстау

Abai.kz

33 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435