Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 1838 0 пікір 11 Маусым, 2009 сағат 07:09

Қазақстанда «Еркін Интернет үшін» атты тұңғыш форум өтеді

13 маусым күні Мәжіліс «ақпараттық-байланыс желілері мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын қабылдап, оны әрі қарай Сенатқа жіберген болатын. Жаңа өзгерістерге сай, заң күшіне енген соң, кез келген Интернет-ресурстар бұқаралық ақпарат құралдарына теңестіріледі, ал егер де олардың мазмұны Қазақстанның заңнамасына қайшы болған жағдайда, олардың жұмысы тоқтатылады екен.
Осы заңға қарсы наразылық білдірушілер Интернет еркіндігі жолындағы күресін әрі қарай жандандырып, оны үдете түсу үшін «Еркін Интернет үшін» қозғалысын құру туралы ұсыныс жасауда. Қозғалыстың алғашқы бұқаралық шарасы - «Еркін Интернет үшін» форумын ұйымдастыру болып табылады.
Форумға  белгілі мамандар мен сарапшылар, БҰҰ, ЕҚЫҰ қызметкерлері, шетелдік дипломаттар, ҚР Ақпараттандыру мен байланыс Агенттігінің қызметкерлері, құқыққорғаушылар, саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың өкілдері қатысады деп жоспарлануда. Жиналғандар заң жобасы бойынша пікірлерін ортаға салып, құқықтық тығырықтан шығудың тиімді жолдарын іздейді.
Форум 16 маусым күні сағат 14:00 ден 17.00 дейін «Almaty Real Estate Investment» бизнес орталығының мәжіліс залында  (Манас/Жандосов, 34 а/ 8 мекен-жайы бойынша) өткізіледі.

Қосымша ақпарат алу: kaznet-freedom@mail.ru,  kaznetfreedom@gmail.com электронды пошталары  немесе 3851043 (108), 2923614  телефондары арқылы.

«Абай-информ»

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2097
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4968
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4189