Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Деп жатыр 7377 1 пікір 30 Наурыз, 2018 сағат 12:16

Сырға толы Сарыарқа...

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында Х республикалық пән олимпиадасы өтуде.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген болашақ журналистерге халықтың ықыласы ерекше болды. Қонақжай халықтың белсенді жастары қойған концерттік бағдарлама көңіл сергітерлік сәтке айналды. Дүбірлі додадан бөлек, қонақтарға қаланың көрікті жерлері ерекше әсер қалдырды. Бауырында тау тұлғаларды тәрбиелеп өсірген Сарыарқаның саңлақтары  ҚарМУ музейінің төрінен орын тепкен. Өткен ғасырлардың құнды жәдігерлері, қыш құмыралары мен балбал тастары да осында. 16 команданың барлығы тұғыр биігінен көрінуге үмітті. Кіл жүйріктер топқа түскен олимпиаданың жеңімпазы мен жүлдегерлері бүгін анықталмақ.

Аян Ермекұлы,

Тараз мемлекеттік университеті

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036