Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
4490 0 пікір 4 Сәуір, 2018 сағат 08:57

Түркіменстандықтар жұмыс іздеп Өзбекстан мен Қазақстанға кете бастаған

Түркіменстан азаматтары ұзаққа созылған экономикалық дағдарыстан жұмыс іздеп шетелге кете бастады.

Соңғы уақытта Түркіменстанда Өзбекстан мен Қазақстанға еңбек мигранты ретінде визаға өтініш берушілер көбейген. Бұған себеп түркімен билігі Түркияға еңбек мигранты ретінде кетіп жатқан толқынды тоқтату үшін шараларды күшейткен.

Түркияға ұша алмаған адамдар енді Өзбекстан мен Қазақстанға кетіп жатыр екен.

Осыған дейін күніне Ашхабад әуежайынан Стамбұлға және Дубайға ұшпақ болған ондаған адам ұша алмай, үйіне қайтып жатқаны туралы ақпарат тараған. Ақпан айында түркімен азаматтарының Әзербайжанға жаппай кетіп жатқаны да хабарланған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 944
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2430
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 648
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 629