Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 5730 2 пікір 2 Мамыр, 2018 сағат 08:36

Біреудің Мәскібіші біреуге Мерседес көрініпті

Ерте заманда Құдекең бір емес, он бірдей Адамды топырақтан жасапты. Оның бірі қой, бірі сиыр бағып, енді бірі егін егіп дегендей өз тіршіліктерін жасап жүріпті.

Бір күні Құдекең әлгі онын шақырып алып, жағдайларын сұрапты. Бәрі жапатармағай жағдайларының жақсы екенін айтып, Құдекеңе алғыстарын жаудырыпты. Тек бір нәрсенің жетіспейтінін, өмірлері іш пыстырарлықтай сүреңсіз екенін айтып шағыныпты. Сонда Құдекең әлгілерге ашыған қамырды беріп (әйелдердің жасы ұлғайған сайын денесіндегі целлюлиті де ұлғаятыны сол ашыған қамырдан дейді білетіндер):

- Мынадан өз қалауларыңша (толық, арық, ұзын, қысқа) әйел жасап алыңдар. Жасап болған соң, мен оларға жан беремін. - депті. Әлгі он еркек жарысып, жабылып жүріп он қыздың мүсінін жасапты. Құдекең 10 түйір құмшекерді он еркекке беріп, тәтті болуы үшін әр әйелге біреуден қосуды тапсырыпты. Барлығы солай істепті. Бәрін біткен соң, Құдекең:

- Мен сендерге 11 түйір құмшекер беріп жіберіппін. Қай әйелге 2 түйір кетіп қалды екен? - деп сұрапты. Ешқайсы үндемепті.

Содан Құдекең әлгілердің әйелдерін тартып алып, әбден араластырып, әркімнің пешенесіне қарай қайта үлестіріп беріпті.

Он еркектің тоғызына өзінің әйелінен көрі біреудің әйелі сұлу көрінетіні содан қалған деседі аңыз. Ал, он еркектің тек біреуі ғана барлық әйелдердің бірдей екенін біледі екен. Өйткені, артық түйірді өзі жеп алыпты.

Ты-ты: жәй, қыздарға сол құмшекер жеген еркектің бірі екенімді айтайын деп едімм ғой...

Біреудің Мәскібіші біреуге Мерседес көрініпті...

Ержан Тәліптің Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5308