Қазақстанның солтүстігінде қар жауып, бұрқасындатады, оңтүстігінде – жауындатып, қар аралас жауын жауып, көктайғақтанады – Қазгидромет
Астана. 2 ақпан. ҚазТАГ - Сәрсенбі күні Қазақстан территориясының басым бөлігі атмосфералық тұтас ағым ықпалында болып, республиканың солтүстігінде қар жауып, бұрқасындатып, оңтүстігінде жауын мен қар аралас жауын жауып, тұман түсіп, көктайғақтанады, деп «Қазгидромет» РМК хабарлайды.
Сәрсенбі күні Астанада ала бұлтты, түнде - жауын-шашынсыз, күндіз қар жауады, бұрқасындатады, оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел тұрып, күндіз екпіні 18 м/с, ауа температурасы -4-6 градус болады.
Алматыда да ала бұлтты, түс ауа жауын-шашын, 2-7 м/с жел тұрып, ауа температурасы +2+4 градус болады.
«Қазгидромет» РМК болжамынша, республиканың солтүстік аймақтарында қар жауады. Қостанай облысының жекелеген аудандарында - қар жауады, бұрқасындатады, 15-20 м/с жел тұрып, Ақмола облысында - қар, кей жерлерінде бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрып, ауа температурасы -3-8 градус, Солтүстік Қазақстан облысында да қар жауады деп күтілуде, бұрқасындатып, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы -10-15 градус, Павлодар облысында - қар жауады, ауа температурасы -2-7 градус.
Қарағанды облысында қар жауады, кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақтанады, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы -1-6 градус, Шығыс Қазақстан облысында аздап қар жауады, ауа температурасы -3-8 градус болады.

Оңтүстік Қазақстанда - барлық аудандарда жауын-шашын болады деп күтілуде. Алматы облысында - жауын-шашын, кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақтанып, Жалаңашкөл ауданында 22-27 м/с жел тұрып, екпіні 30 м/с болады, ауа температурасы +2+7 градус, Жамбыл облысында - жауын-шашын, кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақтанып, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы +2+7 градус, Оңтүстік Қазақстан облысында да жауын-шашын, кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақтанып, ауа температурасы +7+12 градус, Қызылорда облысында - жауын-шашын, тұман, көктайғақтанып, ауа температурасы -2+3 градус.
Батыста тек Атрыау және Ақмола облыстарында қар жауады деп болжануда, ауа температурасы -3-8 градус, Батыс Қазақстан облысында - жауын-шашынсыз, ауа температурасы -6-11 градус, Маңғыстау облысында жауын-шашын күтілмейді, кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақтанып, ауа температурасы +3-2 градус болады деп күтілуде.
Жақын күндері Алматы және Жамбыл облыстарының өзен-көлдеріндегі және Сырдария өзеніндегі (Қызылорда облысының оңтүстігіндегі) мұз сеңдері сөгіле бастайды деп күтілуде. Республиканың солтүстік өңірлеріндегі өзен-көлдерде (Орал, Есіл, Нұра, Ертіс және т.б.) қысқы мұз режимі сақталып, мұз одан ары қалыңдай түседі. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының тау бөктеріндегі жекелеген өзендерде су деңгейі көтеріледі.