Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
4185 2 пікір 4 Мамыр, 2018 сағат 08:56

СІМ: Мәскеудегі қазақстандық студент қазасы тергеліп жатыр

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі (СІМ) Мәскеуде университет ғимараты терезесінен құлаған қазақстандық студент Томирис Байсафаның ісі бойынша қазір тергеуден толық хабардар емес деп хабарлады.

СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақовтың айтуынша, тергеу әлі жүріп жатыр, әзірге ешнәрсе белгілі емес. Жайнақовтың сөзінше, қыздың ата-анасы Мәскеуге барған және олардың қасында қазақстандық дипломаттар бар.

21 жастағы Томирис Байсафа 3 мамырда Склифосовский атындағы Мәскеу қалалық жедел жәрдем ғылыми-зерттеу институтында көз жұмды. Бұл жерге ол 13 сәуір күні оқу ғимаратының төртінші қабатындағы терезесінен құлаған соң жеткізілген.

Ресей Тергеу комитеті бұл оқиға бойынша "өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Кейбір ақпараттарға қарағанда, тергеушілер бұл іс аясында Дағыстанның бұрынғы басшысының 22 жастағы ұлы Муртузали Меджидовті тергеген. Куәгерлердің сөзінше, Меджидов оқиға болғанға дейін аудиторияда Томирис Байсафамен бірге болған.

Әнуар Жайнақов қазақстандық дипломаттар Томирис Байсафаның мәйітін Қазақстанға жеткізуді ұйымдастырып жатқанын айтады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 927
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2411
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 639
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 620