Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
46 - сөз 6241 0 пікір 8 Мамыр, 2018 сағат 08:18

Путиннің инаугурациясында Ресей туы көтерілмей тұрып қалды

Бүгін Ресей президенті Путиннің инаугурациясы өтті. Шара барысында Ресей туын салтанатты түрде флагштокқа көтеру сәтінде ту қақ ортасында қатып, көтерілмей тұрып қалды. Оны тікелей эфирде көрсетіп тұрған оператор, сасқан үйрек артымен жүзедінің ісін істеп, көрермендерді көрсетіп жіберді. Камераны қайта бұрған сәтте, екі әскери тумен әлі алысып жатыр екен. Әйтеуір дегенде әупірімдеп көтерді аяғында.

Құдай-ау, Алланың өзі Ресей туын көтертпей тұрса, Путиннің бұл жолғы мерзімі оңай болмайды-ау деп жорып қойдым өзімше. Бұл да белгі шығар. Ту деген мемлекеттің басты белгісі, оның көтерілгені жақсы, түскені сұмдық. Ту түсуден Тәңір сақтасын. Сондықтан қазақ туың биікте желбіресін дейді ғой. Ал мынаны жақсыға жори салдым ішімнен...

Асхат Қасенғалидың Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz ақпараттық порталында жарияланған мақалаға пікір айтып, ойыңызды білдіргіңіз келсе, мына парақшаға жазып қалдырыңыз!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 429
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1598
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 398
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 376