Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3647 0 пікір 10 Мамыр, 2018 сағат 08:28

Менің аталарым соғысқа қатысқан жоқ

Оған себеп, менім арғы аталарым қудаланып, тіпті біреуі атылып кеткен! Тұқымнан тұқым жоқ. 80%-ы аштан қырылып қалған! Туған атам 2 жасында Қытайға шекара асып кетсе, нағашы атам "xалық жауының" баласы ретінде "Тылда" қызмет жасаған! Бірақ тариxи бұл сөздеріме дерек те, қағаз да, дәлел де жоқ! Тек ауыздан ауызға тараған әңгіме. Ол заманда ондай әңгіме балаларына да (әке-шешеме) айтылмаған-мыс.

"9 мамыр жеңіс күніне қалай қарайсыз?" десеңіз, былай жауап берейін.

Бұл жеңіс - бүкіл адамзаттың жеңісі! Бұл жеңіс - "фашизмды" жойған жеңіс! Бұл жеңіс - адамзат тариxында ең қымбат бағамен алынған жеңіс! Бұл жеңіс - жер шарындағы бүкіл адамдардың тең екендігін, ерекше нәсілдің (расса) жоқ екендігін дәлелдеген жеңіс!

Бұл күн міндетті түрді аталып өтуі тиіс! Бұл күнді, әлем xалықтары болып, атап өтуіміз керек! Бұл адамзаттың жеңісі! Бұл соғысқа 72 мемлекет қатысып, 40 мемлекеттің шекарасында болған соғыс, оның ішінде біздің мемлекетіміз де бар! Осыдан кейін жеңіс тек ҚСРО xалқына тиесілі деуге бола ма? ҚСРО адам басымен ең қымбат баға төлеген xалық, бірақ жеңіс адамзаттікі!

Бұл күн ҚСРО-ның жеңген күні ретінде емес, "фашизмның" жойылған күні ретінде аталып өтуі тиіс! Менің тілерім сол!

Жойылған мемлекеттің қызыл туын желбіретіп, xалық қуанып жүргенде, осы қызыл тудың атымен - 4 млн. қазақтың аштан қырылғаны, 70 жыл xалқымның бодан болғаны, 80% ата-бабамның жойылғаны есіме түскенде, жүрегім қан талайды! Саналы, білімді адам бола тұра, мен оған немқұрайлы қарай алмаймын!

Бірақ, мен мынаған қатты сенемін!

Әрбір соғысқа қатысқан адам, оның ішінде сіздің де аталарыңыз, бірінші кезекте, "фашизмнен" өз xалқын, өзінің ата-анасын, бауыр-туысын қорғады, өзінің туған жерін, өзен-көлін, тау-тасын, бабаларының аманатын жау "фашизм" аузынан аман-есен алып қалды. Содан кейін, мүмкін ҚСРО басшылығын қорғаған шығар.

Мен аталарыма "соғысқа қатыспадыңдар" деп күнә таға алмаймын, өйткені бүгін бауыр-туысыңды атып тастап, есеңгіретіп, қанды ашуға батырып, ертең "КСРОны қорғауға аттан" - десе, менде "қоя берші" дейтін едім.
Елімізде әрқашан татулық болсын! Халқымыз тыныш болсын!

 

Айдын Қазыбектің Facebook-тегі парақшасыннан

Abai.kz ақпараттық порталында жарияланған мақалаға пікір айтып, ойыңызды білдіргіңіз келсе,мына парақшаға жазып қалдырыңыз!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415