Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6345 13 пікір 29 Мамыр, 2018 сағат 10:07

Үкіметке тегін идея берсем бе деп ойланып отырмын

"Демографияны көтеру керек" деп ұрандағанды қатырады да, соған түк жағдай жасамайды. Неге?! Бірдеңе болса, Ресей дейміз ғой.
Ресейдегідей әр балаға 2,5 млн рубль беріңіздер демей-ақ қояйын. Бірінші балаға 1 млн тг, екінші балаға 2 млн тг (жас отбасыға жақсы стимул болады), үшінші бала өмірге келсе, баспаналы болуға мүмкіндік жасау керек. Арзан бағаға не жеңілдікпен.

Бізде қалай, жаңа туған сәбиге (анасы жұмыс істемейтін болса) айына 18 000 тг жөргекпұл, жаңылмасам. Баланың сүті, тамағы, дәрі-дәрмегі, жөргегі, бәрі қымбат. Олай тартсаң да, бұлай тартсаң да, 18 000 тг жыртығыңызды жамамайды. Үкімет неше түрлі бағдарлама жасауға шебер ғой, жас отбасыларды қолдайтын да бағдарлама жасап қойса ғой. Әйтпесе, өзіміз қатарлы отбасылар 1 немесе 2 баладан кейін, "қой, үйіміз жоқ, жайымыз жоқ, тоқтай тұрайық" дейді. Өзіміз де жүрміз, "ойбай, екі бала өсіп жатыр, бұларға бөлек бөлме керек, үйді үлкейту керек" деп...

Бүйте берсе, Қытайға жалға беруден аман-есен алып қалған жеріміздің осы жатқаны - жатқан! Себебі, жеріміз үлкен, халық саны аз, жұмыс күші жоқ! Парламентте әлеуметтік мәселелерді көтеріп жүрген депутаттарды белгілеңіздерші төменге. Осы мәселені елмен бір ақылдассын.

Әсел Ергешқызының Facbook-тегі парақшасынан

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351