Жексенбі, 24 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 6562 13 пікір 7 Маусым, 2018 сағат 13:04

Парақорды ұстауға көмектескендерге 240 мың теңге "пара беріледі"

ҚР Мемлекетік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев парақорларды ұстауға септескен адамға "пара бермек". Яғни, агенттіктің төрағасы жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 730 $ көлемінде сыйақы беретінін айтқан. Бұл туралы агенттіктің төрағасы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Әрбіріміз қазіргі уақытта да, болашақта да сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ деп айтатын болсақ, әрбір қазақстандық жемқорлықты жеңуге болатынына сенетін болса, елдегі сыбайлас жемқорлықты жеңу әбден мүмкін екеніне көзім жетті. Ең бастысы, әрбір азаматтың қазірден бастап осыған ұмтылуы маңызды. Достар, егер сіз сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңбұзушылық орын алып жатқанына куә болсаңыз, яғни пара ұсынылып немесе беріліп жатқанын көрсеңіз, бюджет қаржысының ұрлануы жоспарланып жатқанын білсеңіз, қызметін асыра пайдалану орын алып жатқанына куәгер болсаңыз дереу агенттікке хабарласыңыздар» , - деген Шпекбаев .

Шпекбаев бірде-бір қоңырау қараусыз қалмайтынын, сыбайлас жемқорлыққа қатысты ақпаратпен бөліскен азаматтарға құпиялылық пен құқықтық қорғауға кепілдеме берілетінін де мәлімдеді. Егер ақпарат расталған жағдайда, ақпаратпен бөлісуші 240 мың теңгеге ($730) дейін сыйақы ала алады.

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583