Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2092 0 пікір 11 Маусым, 2009 сағат 13:46

Керекуде «Жас Отан» мүшесі қаза тапты

Кереку қаласының дәл ортасында болған топтық төбелесте «Жас Отанның» белсенді мүшесі мерт болды. Кутузов көшесінің бойындағы №75 және №81 үйлердің ауласындағы «разборканы» сол маңдағы тұрғындардың бәрі көрген. Жаппай төбелес кешкі сағат сегіздер шамасында басталыпты. Атын айтудан бас тартқан бір куәгердің айтуынша, алғашқы бетте төбелеске қатысушылардың саны бірнешеу ғана болған.
– Төрт-бес жігіт біреуді ортаға алып төмпештеп, артынан оны бөтелкемен ұрып, машинамен баспақ болды. Осы арада тағы біреулер келіп, жанжалға араласты, – дейді куәгерлердің бірі. Осы оқиғадан соң куәгерлерге белгісіз біреулер телефон соғып, өздерін «полковникпіз» деп таныстырып, ешқандай басы артық сөз айтпауларын талап етіп қоқан-лоқы да көрсетіп үлгерген.
Апыр-топыр кезінде тұрғындар мылтық дауысын естіген. Осыдан кейін барып полицияға хабарлапты. Тәртіп сақшылары келгенде, оқиға орнында ешкім болмай шыққан. Куәгерлер полицейлерге болған оқиғаны жеткізіп, машиналардың нөмірлерін көрсеткен. Маңайды шарлап, ешкімді таппаған полиция кетіп қалған. Арада бір, бір жарым сағат уақыттан кейін жаңағы жерде төбелес қайтадан жалғасқан.

– Бұл жолы олардың саны бірінші жолғыдан көп болды, ымырт уақытында жиырмаға жуық адамның қарасын байқадық, – дейді көргендер. Тұрғындар екінші жолы да полицияға хабарлаған. Алайда тәртіп сақшылары бұл жолы да төбелестің орнын ғана сипап қалыпты. Кейін белгілі болғандай, осы «шайқаста» «Жас Отанның» 17 жастағы белсенді мүшесі қайтыс болды. Пышақ тәріздес өткір зат бүйірін тесіп кеткен. Оны ауруханаға жеткізгенімен, есін жия алмай жүріп кетіпті.
Қайтыс болған Ғазиз Сәрсембаев – қаладағы белсенді жастардың бірі. Бұл мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы Руслан Рахымжанов сұхбат беруден бас тартып отыр.
Назгүл Мусина, облыстық ІІД тіл саясаты және ақпарат бөлімінің бастығы:
– Әзірге нақты ештеңе айта алмаймыз, қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары аяқталған соң ақпарат тарататын боламыз.

Есенбек Санатұлы,  Павлодар
«Алаш айнасы» газеті 9 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570