Жексенбі, 24 Қараша 2024
3852 1 пікір 18 Маусым, 2018 сағат 10:32

Ауғанстан: тәлібтер бітімге келуден бас тартты

Ауған тәлібтері оқ атуды тоқтатудан бас тартты деп хабарлайды Франс Пресс агенттігі тәліб өкілдері Забихулла Моджахед сөздеріне сілтеме жасап.

Моджахед "жексенбі күні кешкісін оқ атуды тоқтату режимі аяқталады, соғыс операциясы қайта басталады" деп мәлімдеген.

7 маусымда Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Рамазан айы аяқталып, Ораза айт мерекесі басталуына байланысты біржақты бітім жариялаған. Тәлібтер үш күнге бітімге келуге келіскен. Сенбі күні Ғани соғысты тоқтату бітімі жалғасады деп мәлімдеген.

Жексенбі күні Нангархар провинциясында губернатор кеңсесі жанындағы терактіден кемінде 10 адам қаза тапты. Провинция губернаторының өкілі Ататаллах Ходжани шабуыл Жалалабадта болғанын хабарлады. Ал аймақтық денсаулық сақтау бөлімінің хабарлауынша, Нангархарда 16 маусымда 36 адам қаза тапқан.

Abai.kz
1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588