Жексенбі, 24 Қараша 2024
4304 6 пікір 19 Маусым, 2018 сағат 10:16

Ресейде жеке қолда 17 млн-нан астам қару-жарақ бар

Ресей азаматтарының меншігінде 17,6 млн кішікалиберлі қару-жарақ (көбінде тапанша) бар. Бұл Еуропа елдері ішінде ең үлкен көрсеткіш және әлем бойынша бесінші орында болып есептеледі.

Мұндай мәліметті 18 маусымда Женевадағы Small Arms Survey зерттеу орталығы жариялады.

Еуропа бойынша адамдары қару-жарақ алып жүретін екінші ел - Германия (әлем бойынша сегізінші орында). Жеке адамдардың қолдарында 15,8 миллион қару бар. Қару-жарақтың көптігі бойынша әлемде бірінші орында – АҚШ. Онда 393,3 миллион қару жеке адамдардың қолында. Одан кейін Үндістан, Қытай, Пәкістан және Ресей.

АҚШ-та 100 адамға 120, Йеменде 53, Черногория мен Сербияда 39, Канадада 35, Германия 20, Ресейде 12 қарудан келеді.

Small Arms Survey мәліметі бойынша, әлемде жасап шығарылған кішікалиберлі қару-жарақтың 85 пайызы жеке адамдардың қолында. Бұл дегеніңіз - 857 миллион дана. Олардың ішінде әскери, полиция және қауіпсіздік қызметінің өкілдерінде 156 миллион тапанша бар.

Соңғы он жылда атыс қаруы жеке адамдардың қолында 207 миллион данаға көбейген. Олардың 122 миллионы америкалықтардың қолында.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576