Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3976 12 пікір 20 Маусым, 2018 сағат 09:25

Біз қашанда өзімізді түркістандық сезінетінбіз

Негізі оңтүстікке ребрендинг жəне қайта құрылымдау қашаннан керек еді...

Оңтүстік өңірдің республикалық көзқарастағы қоғамдық бейнесінің жақсаруы меніңше Берік Уəлилердің кезінде басталды. Ал кейінгілер ол эстафетаны дұрыс алып кете алды.

Ел мұнда түрлі анекдоттарға мұрындық болған дегенераттар емес, еңбекқор, креативті іскер адамдар жасайтынын, қалғандарының барлығының стереотип екенін түсінді.

Обалы не керек, жалпы портреттегі соңғы штрихты жас та жігерлі, шымкенттік деген ұғымға жаңа шарм берген зың-зың əкім шебер аяқтады да.

Ал бүгінгі орталық ауыстырып, Түркістан облысы атауын алу экономикалықтан бөлек, нақты психологиялық-имидждік түлеуді білдіреді. Мен тек пиарлық-мəдени құндылықтық тұрғысын айтып отырмын. Яғни, бұрын жұрт айта бергесін аңқау болсақ та, пысық, айлакер болуға міндетті сияқты болып тұратынбыз, енді қасиетті қаланың сакральдық-əмбиелік мағыналық жүгімен-ақ рухани тұлға болу тиістілігі туындамақ.

Не де болса бұл оңтүстік аймақтың Түркістан жақ бетінің сырттай таңылған шымкенттіктер лақабынан арылу рəсімі болды.

Біз қашанда өзімізді түркістандық сезінетінбіз. Шымкенттік идентификациясына бой алдырғандар некен-саяқ. Енді тарихи əділеттілігіне сай, шаһарлық шымкенттіктерге өз атаулары қайтарылды. Ал біздің сəйкестілігіміз өңірлік деңгейде жеңіске жетті.

Рас, енді документтер деңгейінде құжат ауыстыру, анау-мынау қиындықтар болмай қоймайды. Бірақ, бір нəрсені түсіну керек. Біз тарихи тамырымызға қайта оралып отырмыз. Заманында қазақ хандығының рухани өзегі болған, ұмыт бола бастаған Түркістан идеясы қайнарына қайта ден қоймақпыз. Мұның жолында ондай дүрдараздықтар түк те емес.

Басқасын айтпағанда, Ислам дініне өткенде де пенденің атын қайтара мұсылманшалап қоймаушы ма еді): Ендеше, сыртқы-ішкі импульстерін терең пайымдап, жаңа тарихи өзгеріске алақайлай ат қосқаннан басқа айтарымыз жоқ.

Абылайхан Қалназаровтың Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578