Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3006 0 пікір 22 Ақпан, 2011 сағат 08:34

Жыл басынан бері Қазақстанның валюта қоры $59 млрд-тан $64 млрд-қа дейін артты - Марченко

Астана. 22 ақпан. ҚазТАГ - ҚР ұлттық банкі ішкі нарықта валюта сатып алуды жалғастыруда және ақпан айының басынан бері $2 млрд-тан аса валюта сатып алды,еліміздің валюта қоры бұл кезеңде $64 млрд-қа дейін артты,деп мәлім етті Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко.

«Теңгенің шамадан тыс нығаюының алдын алу мақсатында Ұлттық банк соңғы айларда ішкі нарықта көп көлемде валюта сатып алып жатыр, осылайша, оның ұсынысын азайтып, Ұлттық банктің алтын-валюта қорын арттыруда. 2010 жылы Ұлттық банк теңгенің нығаюының алдын алу мақсатында нарықта нетто $2 млрд сатып алса, үстіміздегі жылдың қаңтар айында $1,8 млрд, ал ақпанда ай әлі аяқталмаса да, $2 млрд-тан аса валюта сатып алдық», - деді сейсенбі күні ол ҚР үкіметінің селекторлық отырысында.

Ол «біз екі айда 2010 жылы сатып алған валютадан 2 есе көп валюта сатып алдық» деп атап көрсетті.

Оның айтуынша, Ұлттық банктің осы әрекеттерінің нәтижесінде АВҚ мен Ұлттық қордың қаржысы $64 млрд-қа жетті.

«Еліміздің жиынтық халықаралық резервтері кеше $64 млрд-тан асты, ал естеріңізде болса, өткен жылдың соңында $59 млрд құраған. Ұлттық банктің АВҚ $32 млрд, Ұлттық қордың қаржысы $32 млрд-тан асты. Жақын уақытта бұл трендте өзгерістер болжанып отырған жоқ, керісінше, теңгенің нығаюына әсер ететін факторлар күшейе түседі», - деді Ұлттық банк басшысы.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 981
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2509
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 686
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 656