Украина Кеден одағына кіруді жоспарлап отырған жоқ – СІМ басшысы
Киев. 22 ақпан. ҚазТАГ - Украина бір уақытта Еуропа Одағымен еркін сауда аймағын құрып жатып, Кеден одағына мүше бола алмайды, деп мәлім етті Украинаның сыртқы істер министрі Константин Грищенко.
«Біз бүгін ДСҰ мүшелері болып табыламыз, ал Кеден одағына кіретін елдер бұл халықаралық құрылымның мүшелері емес және онда орнатылған ойын ережелерін ұстанбайды», - деді К.Грищенко.
Министрдің айтуынша, «Украина алдына Еуроодаққа толыққұқылы мүше ретінде кіру деген басымдық қойды, бұл үшін бірінші кезекте ассоциация туралы келісімге отырып, алға жылжу керек».
Сонымен қатар, К.Грищенко Украина КЛ мүшелерімен түсіністік орнатуға мүдделі екенін айтты.
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық достастықтың шеңберінде Ресей, Беларусь және Қазақстан елдерінің Кеден одағы қызмет ете бастады.
2010 жылдың 6 шілдесінде Кеден одағының Кеден кодексі күшіне енді.
2011 жылдың 1 шілдесінде Ресей мен Қазақстан арасындағы, Ресей мен Беларусь арасындағы кедендік шекаралар жойылады.