Сенбі, 3 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3385 0 пікір 23 Ақпан, 2011 сағат 03:40

Теңіз кенішінде жер сілкінді - Атырау облысы

АТЫРАУ. 23 ақпан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысындағы Теңіз мұнай кен орнында 21 ақпан күні 4,1-4,3 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала салдарынан қаза тапқандар мен қираған ғимараттар жоқ.

Бұл туралы ақпаратты Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мен Ресей ғылым академиясының геофизикалық қызметіне сілтеме жасай отырып сейсенбі, 22 ақпан күні ресейлік және батыстық сайттар жариялай бастаған. Ол ақпараттарға сүйенсек, осы аудандағы жерасты дүмпулері әлемнің әртүрлі нүктесіндегі 10 сейсмикалық стансаларда тіркелген екен. Атырау уақыты бойынша жерасты толқулары 30 шақырым тереңдікте 21 ақпан күні сағат 14.03-те тіркелген.

«Теңізшевройл» ЖШС оқиғаға қатысты түсініктеме беруден бас тартып, сауалды хат түрінде жіберуді сұрады. Алайда жер сілкінісі жайлы фактіні біздің Теңіз кен ошағындағы дерек көз растап отыр. Телефон арқылы байланысқа түскен компанияның қызметкері: «кабинет ішінде ешкім отырмаған орындықтар қозғалып, орындарынан жылжи бастады. Ыдыс-аяқ та сылдырлады. Жер сілкінісін білмегенімен, көп адамдар өздерін ыңғайсыз сезінді», - деген хабар жеткізді.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 813
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 941
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 903