Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 5045 0 пікір 10 Шілде, 2018 сағат 18:21

Қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің ағылшын тіліндегі антологиясы жарық көрмек

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия мен Кембридж университеті баспаханасы арасында ынтымақтастық жөнінде меморундамға қол қойылд, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Ұлт порталына сілтеме жасап.

Кембриджде (Ұлыбритания) өткен Келісім бойынша ұлыбританиялық баспахана қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің ағылшын тіліндегі антологиясын аудару, басып шығару мен тарату жұмысын қолға алатын болды.

Белгілі болғандай, қазіргі заманғы қазақ әдебиеті үлгісінің жинағын БҰҰ-ның алты тіліне аудару жұмысы «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жоба - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды бір бөлігі.

«Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» жобасының мақсаты - Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі біздің әдебиеттің, музыка және бейнелеу өнерінің, хореография, кино мен театрдың жетістіктерін әлемге паш ету болып табылады. Қазақстандық тараптан меморандумға «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның хатшысы Аида Балаева қол қойды.

«Британдық Кеңес жақтан қолдаудың болуы, сонымен бірге Сambridge University Press секілді белді ұйыммен ынтымақтастық пен оның 500 жылдық тарихы, талассыз абыройы біздің жобаның сәттілігіне негіз болар деген сенімдеміз. Бұл аударма жұмысының жоғары сапасына оң әсер етіп, басылымның Ұлыбританияда ғана емес, жалпы ағылшын тілді әлемге таралуына мүмкіндік берер деген сенімдеміз. Дәл осындай аударма жұмыстарын испан, француз, орыс, қытай және араб тілдеріне аударып, антология ретінде шығару үшін келссіөздерді жүргізіп жатқанымызды атап өткім келеді. Әлеуетті серіктестерге талап та жоғары. Алдымен тәжірибеге, абырой мен баспахананың мүмкіндіктеріне басымдық беріледі», - деді Аида Балаева меморандумға қол қою рәсімінде сөйлеген сөзінде.

Өз кезегінде Сambridge University Press ұйымының реформа және білім жөніндегі директоры Джейн Манн Қазақстанмен мәдени жоба бағытындағы ынтымақтасыққа қуанатындарын жеткізді.

«Қазақстандық авторлардың прозасы мен поэзиясын ағылшын тілді әлемнің оқырмандарына таныстыру үшін барлық күш-жігерімізді саламыз. Сambridge University Press бұл ретте жұмыс жүргізу мүмкіндігіне ие болып отырғаны үшін алғысын білдіреді», - дейді ол.

Айта кетейік, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды бөлігі саналатын «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» жобасы бойынша қазіргі уақытта екі антология бойынша қызу жұмыстар жүріп жатыр. Олар - «Қазақстанның қазіргі поэзиясының антологиясы» мен «Қазақстанның қазіргі прозасының антологиясы». Әрбір антология бес жүз беттен тұрады. Әрбір антологияға 30 қазақстандық автордың еңбектері енеді. Антологиялардың құрылымы мен мазмұны Қазақстан Жазушылар одағының арнайы отырысында бекітілген болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383