Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4833 7 пікір 11 Шілде, 2018 сағат 13:29

Комментаторлар "соққ-ы-ы-ы!" деп айқай салғанда...

Комментаторлар "соққ-ы-ы-ы!" деп айқай салғанда "кім кімді ұрып жатыр" деп елең ете қаласың кейде. Соққы я баспен, я қолмен жасалатын іс-қимыл ғой.

Әрине, "гол соқты" деген термин қалыптасып қалды. Бұрын "гол салды" деген көбірек айтылатын. Ол термин Сейдағаңда да кездеседі. Бірақ "гол соқты" деп айтатын болдық. "Соққы" дегеннен гөрі "тепкі" деген дұрыс болар ма еді. Дұрысы осы ғой. "Тепкіні", "тепкісі" мықты екен" десе қандай! Жалпы жарасып, қалыптасып кетер еді. Өз мағынасында қолданатын сөз ғой. Мен осыдан біраз бұрын Махамбет ақынның бір шумақ өлеңін мысалға алып едім. Тағы да еске салайын:

Аспанда ұшқан қызғыш құс, 

Сені көлден айырған - 

Лашын құстың тепкіні. 

Мені елден айырған – 

Хан Жәңгірдің екпіні... "Лашын құстың соққысы" демейді ғой... "Тепкіні" дейді. Жаңа комментатордың "соққы-ы-ы-ы!" деп айқай салғанынан кейін айтқаным ғой...

Дүрәлі Дүйсенбайдың Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394