Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
4715 0 пікір 11 Шілде, 2018 сағат 13:49

"Мемориал": Түркімен түрмесіндегі сотталушыларға бірінші рет туыстарымен кездесуге рұқсат берді

Түркіменстанда ар тұтқындары түрмесі аталып кеткен Овадан-депедегі ондаған сотталушы бірінші рет туыстарымен кездесуге рұқсат алды деп хабарлайды Мемориал құқық қорғау орталығы.

Аталған ұйымның мәліметіне қарағанда, туыстарымен кездесуге рұқсат алғандардың ішінде түріктің ислам діни уағызшысы Саид Нүрсидің ілімін оқыған төрт "нұршы" бар. Олар былтыр мамыр және маусым айларында ұсталған.

"Сенімді дереккөз ақпараты бойынша, 2018 жылдың 28 маусымында "ислам экстремизмі" бойынша сотталған отыздан астам сотталушының туысы Ашхабадтан автобуспен Овадан-депедегі тергеу абақтысына жеткізілген. Туыстары мен сотталушылар ортасын бөліп тұратын әйнек арқылы 40 минөттей сөйлескен" деп хабарлайды "Мемориал".

Овадан-депе түрмесі Түркіменстан астанасынан 70 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл өте қатаң режимдегі түрме ретінде танымал. Құқық қорғаушылардың айтуынша, бұл жерге негізінен саяси астармен айыпталған сотталушыларды жібереді.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдарының мәліметі бойынша, әлі күнге дейін саяси астармен сотталған жүздеген адамның тағдыры белгісіз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1056
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2603
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 739
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 700