Жұма, 11 Қыркүйек 2026
4408 0 пікір 18 Шілде, 2018 сағат 10:16

Түркіменстан компьютер өндірісін қолға алды

Түркіменстан бірінші рет компьютер өндірісін қолға алды. Бұл жөнінде ел үкіметінің алғашқы жарты жылдыққа есеп беру жөніндегі кеңейтілген отырысында айтылған.

Елдің ресми баспасөзінің хабарлауынша, Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов компьютер өндірісіне байланысты "экономика инфрақұрылымдарын сандық жүйеге көшіру бағдарламасын дамытуға байланысты жақсы база орнаттық" деп мәлімдеген.

Бірқатар медиа басылымдар Түркіменстанда 100 мың компьютер өндірілді деп хабарлап жатыр.

Жыл басында түркіменстандық БАҚ ноутбук пен планшеттер шығаратын "Айдын гиджелер" өндіріс орны ашылатыны туралы хабарлаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1071
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2625
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 747
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 713