Жұма, 11 Қыркүйек 2026
4007 0 пікір 18 Шілде, 2018 сағат 10:17

Қырғыз экс-премьері Исаковтың адвокаты тергеушілер күдіктіні "бопсалады" деп мәлімдеді

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исковтың адвокаты Нұрбек Токтакунов қорғауындағы азаматқа қысым жасалыр жатқаны туралы мәлімдеді.

Токтакуновтың сөзіне қарағанда, Исаковқа адвокат қызметінен бас тартуға үгіттеп, әйтпесе тағы бір қылмыстық іс қозғалатынын айтып қорқытқан.

"13 шілдеде сағат 11-де ол [Сапар Исаков] Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеушісі Сабыров Кубанычтың кеңсесіне алдырылды. Тергеушінің өзі бөлмеден шығып кеткен, өзін Илим деп таныстырған ҰҚМК тергеушісі Сапар Исаковқа "адковат Токтакунов қызметінен бас тартуын" ұсынып, әйтпесе баяғыда жарияланған "Викиликс" мәліметі негізінде тағы бір қылмыстық іс қозғауға уәде берген. Сапар Исаков мұндай ұсыныстан бас тартып, маған тергеу тарапынан бопсалау болғанын жеткізуді тарсырды", - деп жазды адвокат Фейсбуктегі парақшасында.

ҰҚМК адвокат мәлімдемесіне пікір білдірді. Арнайы қызмет Токтокунов сөздерін "жалған" және "пиар" деп атаған.

5 маусымда ҰҚМК Исаковты жемқорлық қылмысы күдігімен ұстады. Оған шетел компаниясының мүддесін жақтаған деген айып тағылған.

Исаковтың өзі тағылған айыптарды жоққа шығарды. Қазіргі таңда ол ҚСДП партиясы төрағасы орынбасары қызметінде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1066
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2614
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 742
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 706