Жұма, 11 Қыркүйек 2026
4037 0 пікір 18 Шілде, 2018 сағат 10:23

Қазақстан мен Өзбекстан әскерлері бірлескен жаттығу өткізді

Өзбекстан әскери делегациясының ресми сапары аясында, Қазақстан қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов пен Өзбекстан қорғаныс ведомствосының басшысы Абдусалом Азизов бірлескен "Ерік дала" оқу-жаттығуларына қатысты, деп хабарлады 16 шілдеде Қазақстан қорғаныс министрлігі.

Өзбекстан мен Қазақстанның арнайы операциялар бөлімінің жаттығулары барысында түнгі уақытта әскери қимыл жасау және барлау міндеттері орындалды.

"Мақсаттар сәтті орындалды. Сапар барысында біз көптеген мәселелерді шештік. Біз шұғыл әскери дайындық және маман дайындау мәселелерін бірлесіп шешетін болдық", - деді Жасұзақов.

Министрдің айтуынша, әскери оқу-жаттығуларының екінші кезеңі Өзбекстанның "Фориш" оқу орталығы базасында өтеді деп жоспарланған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1066
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2614
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 742
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 706